Ержан Жұмабекұлы мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

1987 жылы бұрынғы Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген.2004 жылы ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін тәмамдаған кейін, 2008 жылы ШҚО Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген. 2010 жылы ШҚО Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі атанды.  Қазіргі таңда 2016 жылдан бастап Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты.

Жетістіктері:

2004 жылдан бері жазба өлеңдері қалалық «Семей таңы» облыстық «Ертіс өңірі» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жариялануда.

2005 жылы жоғарғы оқулар арасында Семей қаласы бойыншы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдемен бірге «Семей серісі» атағын ұтып алды.

2005 жылы Өскемен қаласында 18-35 жас арасында өткен облыстық « Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері.

2005 жылы Семейде өткен қалалық «Наурыз нақыштары» атты жас ақындар айтысында 3-орын, 2006 жылы 2-орын иемденді.

2005-2006 жылдары қатарынан екі рет қыркүйек айында тіл мерекесіне арналған Оралхан Бөкей атындағы мәнерлеп оқу шеберлігінің қалалық байқауында 2-орынды жеңіп алды.

2006 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті шығарған «Өсер өркен» жинағына бір топ өлеңдері енді.

2006, 2007, 2008 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері.

2012 жылы Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы жарық көрді.

2015 жылы «Мереке» баспасынан жарық көрген Қазақ поэзиясының 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына өлеңдері енді.

 2015 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығын иеленді.

2017 жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркия Республикасындағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстамбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шықты.

Атқарған қызметтері:

2008-2009 жылдары «Радио-7» радиосында музыкалық жүргізуші.

2009-2011 жылдары Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде оқытушы.

2011-2012 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын кафедрасында оқытушы.

2012-2013 жылдары «Қазақстан Семей» телеарнасының жүргізуші -редакторы.

2015-2016 жылдары Білім және мәдениет арнасында әр сенбі сайын берілетін «Бәйтерек» зияткерлік шоуының жүргізушісі.