Абзал Әжғалиев – шорт-трекист

2014 жылы Ж. Досмұхамедов атындағы колледжді дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Бүгінгі таңда шорт-трек бойынша Қазақстан құрама командасының мүшесі. Халықаралық спорт шебері, Әлем чемпионаттары мен Әлем Кубогының жеңімпазы. 2007 жылы ҚР спорт шебері, ал 2016 жылы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

2016 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен кубоктың екінші кезеңінде 500 метр ара қашықтықта алтын медальды жеңіп алды. Нәтижесі 40,373 секунд. Алматы (Қазақстан) қаласында өткен 28-ші  қысқы Универсиада-2017-де 500 метрді  41,479 секунд нәтижесімен жүріп өтіп күміс жүлдегер атанды. 2017 жылы Минск қаласында (Белоруссия) өткен Әлем Кубогында 500 метр қашықтықты  41,436 секунд өтіп, күміс жүлдегер атанды. Алматыда өткен Азия ойындарында 5000 метрлік эфтафетаға қатысты. Команда үшінші орын иеленді.