Әділбек Бегедаев – «Қазақстанның тарихи даму диаграммасы» ғылыми-практикалық әзірлеме авторы.

Әділбек Бегедаев Қазақстанның тұңғыш көрнекі тарихының жалпыға ортақ нұсқасын жасаушы, ол XXI ғасырдың басында «Қазақстан. Мемлекеттің тарихи даму диаграммасы» ғылыми-практикалық әзірлеме (әрі қарай «Диаграмма») жариялаған.  Онда автор еліміздің тарихын жай даталармен емес, көрнекі түрде тарихи перспективамен берген. Автордың Қазақстан тарихын баяндауды үйлесімді, анық және түсінікті қылып құрғаны сондай, шолу ақпаратын меңгерудің практикалық күрделілігін (әлемдегі миллиондаған адамдар үшін) енді жай, уақыт бойымен аса жылдам қызықты саяхат тәрізді айтуға болады. Ол тарихи оқиғаларды бір панорамада бір уақыт шкаласында орналастырып, мемлекет дамуының ғаламдық хронологиясын сәйкестендіріп жинай алған алғашқы адам. Оған дейін Қазақстанның тұтас хронологиялық көрнекі бейнесі болған емес.

Бұл әзірлеменің маңызы туралы филология ғылымдарының кандидаты, атақты қазақ тарихшысы, академик Е.Бекмахановтың жесірі  Халима Адамқызы  Бекмухамедова дәл айтқан: «қазақ тарихын академик Е. Бекмаханов тарихшы ретінде сипаттаса, І.Есенберлин оны жазушы ретінде сипаттаса, Ә. Бегедаев Қазақстанның белгілі тарихының көркем бейнесін жасады. Бұл жаңашылдықты қолдау керек».

«Қазақстан. Мемлекеттің тарихи даму диаграммасы» ғылыми-практикалық әзірлеме (әрі қарай «Диаграмма») – Қазақстан тарихы бойынша зерттеулерді іргелі түрде жалпыландыратын зерттеу, ол жаңа концептуалды идеяға негізделген. «Диаграмма» - тарихи ақпаратты берудің тек жаңа емес, сондай-ақ ең жылдам әдісі, себебі ел тарихымен танысудың мұндай түрі – көп уақыт алатын дәстүрлі оқу емес, визуалды тез «сурет» қарау.  Бегедаевтың Диаграммасы  шешімінің бірегейлігі  Қазақстанның белгілі тарихының тұңғыш рет тұтас графикалық элемент түрінде жүйеленгені, ол Қазақстанның бүтін бейнесін қалыптастырады. Мұндай жүйелеу арқылы ақпарат беру біз елестеткеннен әлдеқайда жылдам жүреді – бір секунд ішінде сіз еліміздің б.з.д. 2,5 млн. жылдан б.з.-ға, одан бүгінгі күндерге дейінгі белгілі тарихын көресіз! «Диаграмманың» кітап, анықтамалық, оқулық, энциклопедия, фотоальбом, атлас, карталардан шолу ақпаратын беру тұрғысынан түбегейлі айырмашылығы бар – ол әлі күнге баламасы болмаған Қазақстан тарихының ең қысқа көрнекі жолбасшысы.

Негізінде, А. Бегедаев қазақ тілінде, қазақша латиницада, БҰҰ-ның 6 тілінде, әлемнің басқа тілдерінде Қазақстан тарихының оқу және кәдесый басылымдарының бұрын болмаған жаңа бағытын жасады. Бүгінде оның өнертабысын Қазақстанда жүз мыңдаған оқушылар қолданып жүр: ҚР БҒМ тапсырысымен 100 000 данадан аса оқу нұсқасы шығарылған.

А Бегедаевтың өзекті және дер кезіндегі еңбегі тұтас Ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен тең. Оған жалпы күрделілігі түбегейлі жаңа басылымдардың 10-нан астам түрі мен олардың ғылыми негіздемесі, сондай-ақ түрлі модификациялары (әртүрлі әлем тілдерінде жобалар) кіреді. А.Бегедаевтың еңбектерін еліміздің ұлттық зияткерлік игілігіне толықтай жатқызуға болады. Ол еліміздің ішкі саясатында, Қазақстан Республикасының имиджін мәдени дәріптеу бойынша жаһандық мемлекеттік міндеттерді шешуде қолдануға болатын бірегей жобалар дайындаған. А.Бегедаевтың жұмыстары ҚР ӘМ зияткерлік меншік құқықтары комитетінде тіркелген, ҚР БҒМ, ҚР ҰҒА секілді білім және ғылым құрылымдарымен, Мемлекетті дамыту институтымен, Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясымен, ҚР ғалымдарымен, еліміздің қоғам қайраткерлерімен мақұлданған.