Айболат Құлатай – IT маманы, «Эвклид» білім беру орталығының негізін салушы, «Thousand IT Group» компаниясының директоры, бірнеше әлеуметтік жобалардың бастаушысы

Мен 1995 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында туып-өстім. 2013 жылы Алматыдағы Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетіне ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша IT-маманы боламын деген мақсатпен оқуға түстім. 2014 жылы тамыз айында Алматы қаласында «Эвклид» (www.euclid-kursy.kz) білім беру орталығын ашуым кәсіп жолындағы алғашқы бастамам болды. Жүздеген мектеп оқушыларын ҰБТ тапсыруға, түрлі мектептерге оқуға түсуге дайындау мақсатында 15 педагогты жұмыспен қамтыдым. Білім орталығы жұмыс жасаған кезде Алматы мектептерінде, Хромтау, Қандыағаш елді-мекендерінде оқушыларға арнайы тегін шеберлік сыныптарын, дайындық сабақтарын жүргіздім. Оқу орталығынан бөлек, сол уақытта еліміздің туризм саласына инновация енгізу мақсатына «IRBI» IT стартаптың – мобильді қосымшаның (android, iOS) негізін салдым. Бұл инновациялық жобаның жұмыс істеу барысы - Алматы, Астана қонақтарының нақты тұрған жерін GPS технологиясы арқылы анықтап, қала бойынша әр алуан жерлерге, мәдени, тарихи орталықтарға апаратын, және бұл объекттер туралы мағлұматты аудио форматта тыңдауға мүмкіндік беретін туристер мен қала қонақтарына арналған ақылды аудиогид болатын.

Серіктестеріммен бірге көптеген халықаралық байқауларда бағымызды сынап, шетелдік танымал инвесторлар мен еншілес қорларға жобаны таныстырған едік. «IRBI» жобамыз арқылы біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтар болсақ, «Technation-2015» Happy Farm, НАТР ұйымдастырған халықаралық жарысқа 17 мемлекеттен 350 жоба қатысып, финалдық кезеңге жеттік,  «Techgarden-2015» жарысында да соңғы шешуше кезеңге жеттік,  МUIТ-тің ұйымдастыруымен «Hack Day-2015»,«Technology&Engeneering» жарыстарының жеңімпазы болдық, «Eshelon Qualifier KZ-2016» Idea-lab.kz, Samruk Kazyna ұйымдастыруымен болған  халықаралық жарыста финалында бақ сынадық, «Step KZ-2016» Вашингтон мемлекеттік департаменті мен CRDF Global ұйымдастыруымен өткен жарыста жеңімпаз болып, 10000$ ие болдық. 

2016 жылы Вашингтон мемлекеттік департаментінің қолдауымен CRDF Global мекемесі елімізде ауқымды «STEP-KZ-2016» конкурсын жариялап, технологиялық, бизнес жағынан біздің «IRBI» жобамыз үздік болып танылып, 10000$ қаражат иелендік. Сонымен қатар, елімізді Кремниевоя Долинада (Сан-Франциско, АҚШ)  технологиялық бағдарламалаудан өтіп, топ компаниялармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. 2016 жылы қараша айында Apple, Google, Facebook, Evernote, Plug&Play сынды т.б. компанияларда болып, инвесторлар, әлемдік деңгейдегі новаторлардан, 500Startups инкубаторы, Стэнфорд университетінде болып үлкен тәжірибе жинақтадық.

2017 жылдың екінші жартысында МUIТ түлегі ретінде чехиялық ХоумКредитБанкте онлайн, мобильді банкинг пен бірге өзге мобильді қосымшалардың бизнес иесі ретінде, сарапшы болып қызмет жасап үлкен тәжірибе жинақтадым.

2016 жылдың аяғында елге оралған соң, жинаған тәжірибиемді қолдана отырып, 2017 қаңтар айында «Thousand IT Group» (www.1-000.kz) атты жеке компаниямды аштым. 4 курс студенті бола тұра, 3 сегменттегі аутсорсинг (B2B, B2C) өзіміздің жеке инновациялық жобалардың, сонымен қатар әлеуметтік бағытта жұмыс жасайтын компанияның жұмысын бастадым. Аутсорсинг бағытында «Қазақстан» ұлттық арнасы, ҚР АКМ, ҚР БҒМ, әкімшілік, Касса24 және тағы басқа үлкен компаниялармен бірлесе, Қазақстан нарығына ауқымды IT-жобалар жасап шығардық (халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын модульді технология 2019 жылдың алғашқы жартысында жарық көрмек). Әлеуметтік 3 нақты жоба ретінде, ҚМДБ бірлесе дінді дұрыс бағытта насихаттау мақсатында «Дұғалар мен сүрелер» мобильді қосымшасы, журналистермен бірге инновация, бизнес, технология жаңалықтары мен сұхбаттарын қазақ тілінде жаңа стильмен халыққа қазақ тілін насихаттау мақсатында www.likeMe.kz  жобасын жасап шығардық. Сол секілді «Бірлігіміз жарасқан» атты AR технологиясының негізінде 3-7 жас арасындағы балаларға тәрбиелік мақсаттағы танымдық әңгімені кітап етіп шығардық. Бұл әлеуметтік жобалардың барлығы менің тікелей бастамаммен инновациялардың еңгізілуі арқылы дін, тіл, білім бағыттарында өз жұмысын істеуде. Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар, «Astex Astana» секілді көрмелер мен конференцияларда жастармен, қатарластарыммен тәжірибиеммен бөлісіп қана қоймай, ондаған студенттердің IT-саласында маман болып қалыптасуына септігімді тигіздім.

Жарық көрген ғылыми еңбектерім де баршылық: Political Leadership in state-building: link of ideas and times. Abylaykhan-300, Мотивация выбора латинской графики в передачи казахской речи («Вконтакте» әлеуметті желісі), Виртуальные online курсы по изучению казахского языка, Правовое регулирование произведений культуры и исскуства в сети Интернет. 

Дәл қазіргі уақытта «Thousand IT Group» компаниясы Қазақстан нарығында 30-дан аса мобильді қосымшаның, ондаған өзге де жобалардың жарыққа шығуына негіз болды. Миллионнан аса қолданушысы бар жобалар да осы тізімде бар. Соңғы 5 жылдан бері, тынымсыз еңбектің арқасында жетіп жатқан жетістіктерім үлкен белестердің басы ғана деп білемін.