Аида Ысқақоважас ғалым, волонтер және Ақмола облысының қоғам қайраткері, республикалық және халықаралық ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындар алған

2014 жылы Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіп үнемі бастама көтеріп, тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі барлық соңғы жаңалықтарды біліп отырған. Аиданың ғылыми қызметі мектеп қабырғасынан басталған, ол «ПЭТ-бөтелкелерді қайта өңдеу машинасының моделін жасау» жобасын әзірлеген. Бірнеше айғы жұмыстан соң Халықаралық Экологиялық байқаудың 1 дәрежелі дипломына ие болған және Республикалық NURINTECH инновациялық идеялар байқауында жеңімпаз болып, 250 000 теңгелік сыйлық қорына ие болған. Жобаның мақсаты: ПЭТ-бөтелкелерді химия талшықтарын жасауға арналған флекс, қайталама шикізатқа қайта өңдейтін портативті машина жасау. Машина моделінің басты ерекшелігі гидравликалық сыққыштарды қолдану. Ұсақталған пластик 150-2000С қыздырылған сыққыш форманың ішіне салынады да қалыпқа келтіруші қуыстың қысымымен таратылып температура әсерінен иілгіш қасиетке ие болады. ПЭТ-бөтелкелерді флекске қайта өңдейтін портативті машинаның тұтынушылар үшін пайдалы болатын қолжетімділік, мобилділік, функционалдылық секілді артықшылықтары бар.

Флекстің әмбебаптығы пластик бөтелке шексіз практикалық қайта өңдеуден өтіп, ақырғы тұтынушыға қайта орала алатындығымен дәлелденеді. 2017 жылдың басынан Жас ғалымдар Кеңесінің жетекшісі болған, онда жас дарындарға ғылыми және инновациялық идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Көкшетау қаласында тұңғыш Жас ғалымдар Кеңесін ашып, қала мен одан тыс аймақтарда ғылыми және волонтерлық қызметтің дамуына ықпал еткен.

- Мен көмектесе алған адамдардың жүзінен күлкі көру маған өте маңызды және қуаныш сыйлайды. «Феникс» волонтерлық орталығы мен «Думан» облыстық педагогикалық жасағына белсенді қатысқандықтан маған ардагерлерге, аз қамтылған отбасылар мен жастарға көмектесу мүмкіндігі берілді.

Осылайша 2017 жылы «JAS_AQMOLA» Ақмола облыстық жастар сыйлығында Аида Ысқақова «Жыл Көшбасшысы» атауында жеңімпаз болып, 100 000 теңге сыйлыққа ие болды. Бұдан басқа Астана қаласындағы EXPO Camp қызметі аясындағы «Менің жасыл Қазақстаным» 1 Халықаралық жастар форумы, Омск қаласындағы «Халықаралық мәдениетаралық байланыс жастар форумы» республикалық және халықаралық съездердің қатысушысы және «Жас Отан» Жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты 4 кезекті республикалық съезінің делегаты.