Айдос Бердібаев – авиатор, авиация инженер-механигі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты

Мектепте белсенді болған және көптеген жарыстар мен олимпиадаларға қатысқан. Бір мезгілде бокспен айналысқан және жасөспірімдер арасындағы бірінші разрядты боксшы болған. Сондай-ақ өлең шығару мен сурет салудан көптеген жарыстардың жүлдегері. Мектептің жоғары сыныптарында физика және нақты ғылымдарға қызығушылық танытып, құрастырумен айналысқан. Аспан мен ұшатын аппараттарды жақсы көретін ауылдың жас та өр жігіті авиатор болуды армандаған. Осылайша 2008 жылы Авиация технологиясы мен техникасы мамандығы бойынша Азаматтық Авиация Академиясында оқуға мемлекеттік грант жеңіп алған. Ол оқуда табысты болып, академияның жастар ісі жөніндегі комитет мүшелігіне кіріп, сондай-ақ көптеген шараларды жүргізген. Эйр Астана ұлттық авиациялық компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуге іріктеу кезеңінен өткен. Оқудың соңғы курс студенті болып жүргенде барлық кезеңдерден өтіп, Эйр Астана компаниясының инженерлік-техникалық тобының стипендиаты болған. Сол жылы 4 курс студенті Айдос Эйр Астананың Әуе кемелерін техникалық жабдықтау департаментінің «ұшақтарға негізгі қызмет көрсету механигі» лауазымына тұрақты жұмысқа шақырылған. Қазір ол осы компанияның қызметкері болып табылады және осы уақыт аралығында Эйр Астананың Boeing 757-200, Boeing 767-300, Airbus A319/320/321 және Embraer E190 сияқты әуе кемелерінің барлық типтеріне «А категориялы» сертификаттаушы маманы болды. Бос уақытында қосымша белсенді түрде қайырымдылықпен айналысқан. Жуық арада  2017 жылы АҚШ-та авиациялық/зымыран-космос техникасы санаты бойынша инженерлік-техникалық маман магистр дәрежесін алуға «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты болған. Калифорния штатының Сан Диего Калифорниялық университетінде тіл курстарын табысты аяқтаған. Сан Диегода «Home Start» қайырымдылық ұйымының еріктісі болып, көптеген қайырымдылық шараларына қатысқан. Сондай-ақ халықаралық студенттер үшін UCSD университетінің бетке ұстар тұлғасы болған. Қазіргі кезде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыру үшін әлемнің жетекші университеттерінің біріне түсуге дайындалып жүр.