Еңбек жолын 18 жасында даяршы болып бастаған Айдос Сайлығараев бүгінде «Браунис Казахстан» ЖШС-ның директоры болып отыр.  

Айдос Мирамбекұлы өзін іскер, ұйымдастыру қабілеті жоғары, күрделі мәселелерді заманауи тәсілдермен шеше білетін білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Өзінің алғырлығымен түрлі қиындықтардың шешімін тауып, бизнес саласында жоғары нәтижелерге жетіп, алға өрлеуде. Кәсіпкерлер палатасының түрлі іс-шараларына белсенді түрде қатысып, нормативті-құқықтық актілерді талқылауда өз ұсыныстарын жеткізіп, жаңа ұтымды ойларымен жастарға жол сілтеп жүр. 

Қазірде Айдос Мирамбекұлы «Браунис Қазақстан» ЖШС құрылтайшысы және президенті қызметін атқаруда. Еңбек жолын 18 жаста мейрамханада даяршы болып бастап, басқарушы қызметіне дейін жеткен еңбекқор азамат. 2009 жылы алғашқы «Дастарқан»  асханалар желісін құрып, 2010 жылы – «Cofee do» кофеханасын ашты. 2011 жылы кондитерлік цех пен дүкендер желісі секілді жаңа өндірістерін  ашты. Аталған цехтың ашылу барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бадарламасы аясында арнайы Германиядан СЕС-сарапшыларын шақыртып, торттар мен десерттердің жаңа өндіру технологиясын ендірді. 

Кәсіпкер 2015 жылы 10-шы бизнес объектісін ашып, жалпы «Браунис» жобасы аясында 200 тұрғынды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. 2012-2013 жылдары өнім шығару саласында үздік кәсіпкер ретінде танылып, «Жылдың үздік тауары» байқауында Қызылорда қаласы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Ізденімпаз кәсіпкер әлі де Астана мен Алматы қалаларында жаңа кофеханалар ашып, тіпті Дубайда өз ісін жалғастырмақ.