Айгерім Әбілқадырова - спортшы, әлем чемпионы, модель

Әбілқадырова Айгерім Жанатқызы – 1996 жылы 2 ақпан күні Астана қаласында дүниеге келген. 2002 жылы дзюдо спортына алғашқы қадамын басты. Спорт табалдырығына 5 жастан бастап басты. 2005 жылдан бастап түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2005 – 2007 жылдар аралығында ұлдар арасында Республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанды. 2008 - 2017 жылдар аралығында дзюдодан 10 дүркін Қазақстан чемпионы. 2011 жылы Ливан елінде, Бейрут қаласында Азия Чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол жылдың тамыз айында Украина елінің Киев қаласында өткен Әлем біріншілігінде ел намысын қорғады. 2012 жылы сәуір айында Чехия елінде, Теплица қаласында Европа Кубогында қола жүлдегері, мамыр айында Румыния елінде, Питешти қаласында Европа Кубогында күміс жүлдегері. 2012 жылы Қытай елінің Ханьянь қаласында Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. 2013 жылы наурыз айында Турция елінде, Анталия қаласында Европа кубогының күміс жүлдегері, сәуір айында Испания елінде Халықаралық жарыстың жеңізпазы. 2013 – 2014 жылдар аралығында Америка елінде Маями қаласында өткен Әлем біріншілігінде  де теңдессіз өнерімен тамсандырды. 2013 жылы қазан айында Тайвань елінің Тайбэй қаласында Азия Чемпионатында күміс жүлдегері атанды. 2014 жылы Париж, Москва, Афины қалаларында оқу-жаттығу тәжірибелерімен алмасты. 2014 жылы Қытайдың Гонг-Конг қаласында Азия Чемпионатын жеңіп, күміс жүлдегері атанды. Сол жылдың желтоқсан айында Ресей елінің Новосибирск қаласында халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. 2015 жылы Сауд Арабиясында, Абу-Даби қаласында ел намысын қорғап, Әлем Чемпионатында 5-інші орынға ие болды. 2016 жылы Венгрия елінде Пакш қаласында өткен Европа кубогында қола жүлдеге ие болды. 2018 жылы грэпплинг спортының Қазақстан чемпионы. 2018 жылы Қырғыстан елінің Бишкек қаласында өткен Азия Чемпионатында қарсыластарынан басым екенін дәлелдеп, бас жүлдені иеленді. Және Asia Open, Kazakh Batyry Championship жарыстарында жеңіске жетіп, Әлем біршілігіне жолдама алды. 2018 жылы 6-9 қыркүйек күндері аралығында өз еліміздің төрінде өткен Әлем біріншілігінде ел намысын қорғап, грэпплинг тарихында 1-ші және жалғыз Әлем чемпионы атанып, көк туымызды ең жоғарғы сатыда желбіретіп, ән нұранымызды шырқатты. 

 Әбілқадырова Айгерім қоғамға деген өз үлесін қосуда. Ақтау мен Астана қалаларында жастарды дамыту мен салауатты өмір салтына шақыру бойынша мемлекеттік маңызды семинарлар мен іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде "Достық пен бейбітшілік" ағаштарын отырғызу бойынша біздің елімізде қоғамдық істермен айналысты. 2016 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Мәскеу шайқасында Кеңестік Қарулы күштер қарсы шабуылының 75-жылдығына орай «Жас Ұлан» Ильинка – Тайтөбе маршруты бойынша шаңғы жарысын ұйымдастыруға ат салысты. 2017 жылы 31 наурыз айында «Жас Отан» партиясының қатысумен жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеологиясын жылжыту мақсатында өткен «Мир.XXI ғасыр» манифестінің шығарылуына арналған мерекелік іс-шарасына өз үлесін қосқан. 2016 – 2017 жылдар аралығында өткен Ұлы Жеңістің қатысушысы, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туған күніне арналған іс-шаралар бағдарламасына қатысып, салауатты өмір салтын насихаттау, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктерін болашақ ұрпақтарға жеткізу бойынша біраз еңбек сіңірді.  

Мектеп табалдырлығынан бастап, қоғамдық өмірге қызығушылығын таныта бастады. Көптеген шараларға қатысып, өз құрдастардың арасында алдыңғы орыннан көрінді. Астана қаласында жыл сайын өткізілетін «Олимпиядалық жүгіру» шарасына 4 жыл қатарынан 400 метр қашықтықтан бас жүлдеге ие болды. 

Әбілқадырова Айгерім тек қана түрлі сипаттағы шараларға қатысып қана қоймай, қайырымдылық шараларға да өз үлесін қосады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек жіберуге әрдайым қуана-қуана келіседі. Көмекке мұқтаж қарттарға әрқашан да көмек қолын созады.

Айгерім Әбілқадырова тек қана спорт саласында өз қабілетін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, өнер саласында да өз бағын сынап, түрлі жобаларға қатысты. Режиссер – продюсер Байкал Өнерхан түсірген «Сезім сыры» фильмінде бас рөлін сомдап шыққан. Қазақстан телеарнасының «Причуда» және де басқа да көптеген жарнамалық роліктерге түсті. «Таңшолпан», «Қайырлы таң», «Әйел бақыты» Қазақстандық бағдарламаларға қатысты. 2018 жылғы «НұрОтан» партиясы өткізген бірлік филиалының спартакиядының ашылуы салтанатында бас қонақтардың қатарында болды.  Ескеріп кететін жағдай, оның өз күшімен ашқан интернет-дүкені де бар. Бүгінгі таңда, ол әлем чемпионы, модель, актриса ретінде таңылып жүр.