Айгүл Кенжетаева – географ, тренер, сөз шебері, «Еріктілер орталығының» жетекшісі.

Айгүл Кенжетаева «VOLUNTEER.KZI Халықаралық еріктілер форумы», «IZDEU-2018 іздеу топтарыныңI Халықаралық форумы», «ERTIS CINEMA қысқа метражды фильмдер мен көркем фильмдерінің I Халықаралық кинофестивалі» сияқты ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушылардың бірі.

Айгүл Кенжетаева 1993 жылы 22 маусымда Павлодар облысындағы Ақсу қаласында дүниеге келген. Студенттік кезінен бастап қоғамдық қызметпен белсене айналысты: ПМПУ-нің «Жаратылыстану» факультетінің «Кіші деканы», ПМПУ-нің Ғылыми Кеңесінің мүшесі, ПМПУ-нің Тәртіптік кеңесінің төрағасы, «Қоғам қайраткері» номинациясында «ПМПУ-нің үздік студенті» байқауының жеңімпазы, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассемблеясы филиалының «Нұр болашақ» облыстық жастар бірлестігінің төрағасы, Павлодар педагогикалық институтының «Студенттік үкіметінің» президенті.

2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (бүгінде университет) география мамандығы бойынша бітірді. Өзінің еңбек қызметін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Павлодар қаласындағы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ Павлодар қалалық филиалының басшысы ретінде бастады, 2014 жылдан 2015 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ Павлодар қалалық филиалының төрағасының орынбасары болды, сондай-ақ 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Ақсу қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тәрбие ісі бойынша әдіскер болып жұмыс істеді, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Екібастұз қаласының әкім аппаратының бас баспасөз хатшы-инспекторы (Е-3 санаты) қызметінде болды, 2017 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы «Еріктілер қызметін дамыту орталығының» басшысы лауазымына тағайындалды. Қазіргі уақытта Айгүл Кенжетаева «Атамекен» ішкі бағдарламасының менеджері ретінде «Рухани жаңғыру» аймақтық бөліміне іссапарға жіберілді, онда ол нақты нәтижелер көрсетуде. «Экономикалық даму одағы «Сапа жұлдызы» халықаралық қауымдастығының «2017 жылдың үздік маманы» ұлттық сертификатын иеленді. «Іздестіру қозғалысындағы озаттылығы үшін» медалімен марапатталды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Ол жауапкершілік, іске деген адалдық, жүйелі ойлау, ақпаратты құрылымдау қабілеті, процессті ұйымдастыру және жоғары біліктілік сияқты жеке және кәсіби қасиеттер жастар саясатының тұтастай дамуының негізі болып табылатынына сенімді.