А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының қызметкері, PhD докторы Малмакова Айгүл Ербосынқызының Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасында жүргізіп жатқан зерттеулері еліміздің фармацевтика өнеркәсібін дамытуда маңызы зор.

Айгүл Малмакова жүргізіп  жатқан еңбектері жаңа эффeктивтi дәрiлiк зaттaр iздecтiруден тұрады. Ғалым зерттеулер нәтижесінде иммунды ынталандырғыш және жергілікті анестезирлеуші қасиетке ие қазіргі медицинада қолданылып жүрген препараттардан биологиялық әсерлілігі жоғары, уыттылығы біршама төмен қосылыстар синтездеп, оларға 5 инновациялық патент және 5 пайдалы модельге патент алған. Ғалымның басты мақсаты - еліміздің дәрі-дәрмек саласына дамытуға барынша үлесін қосып, химиялық-фармацевтикалық ғылыми орталықтар құру. Айгүл: «Еліміздің дәрілік заттар саясаты концепциясына сәйкес фармацевтика секторының интеллектуалдық потенциалы мен дамуы химия ғылымының дамуымен тікелей байланысты. 6000 (oның тeк 600 Қaзaқcтaндa өндiрiлeдi) прeпaрaттық aйнaлымы бaр қaзaқcтaндық нaрықтaғы дәрiлiк зaттaр жылынa 400 млн. AҚШ дoллaрынa бaғaлaнaды. Қaзaқcтaндaғы фaрмaцeвтикaлық зaттaр нaрығы импoрт нaрығы бoлып қaлмау үшін фaрмaцeвтикa өнеркәсіптің өндiрic қуaтын aрттыру - ocы саланы дaмытудың бірден бір жолы” дейді.

80-нен астам жарияланымдар авторының жүзеге асырылған еңбектері Елбасы Қорымен жоғары бағаланып, Ғылым мен техникада қол жеткізген  жоғары нәтижелері үшін 2017 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты атанды.