Айниса Әбжанова – «Жақсылық жаса, Көкшетау!» еріктілер қозғалысының жетекшісі.

2016 жылы көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға қаражат жинау, мүгедектерге көмек көрсету, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға көмек көрсетуге арналған «Жақсылық жаса, Көкшетау!» қайырымдылық еріктілер қозғалысын ұйымдастырды.  2018 жылы еріктілер қозғалысы «Жақсылық жаса, Көкшетау!» жеке қорына ауысты. Қор ай сайын Ақмола облысындағы 100-ден астам мұқтаж отбасыға киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, ойыншықтар, тұрмыстық химия, кеңсе заттарымен көмек беріп тұрады.

Айниса Әбжанованың жетекшілігімен 13-тен астам іс-шара өтті (қайырымдылық жәрмеңкелері, аукциондар, концерттер және т.б.). Бұл шарада қатерлі ісік, БЦП, бауыр циррозы, жыныс органдарының болмауы сияқты ауыр науқасқа шалдыққан балаларға 10 049 355 теңге жиналды.

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау кентіндегі №3 балалар үйіне, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы жетімдер үйіне, Көкшетау қаласындағы қарттар үйіне, Көкшетау қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік көмек» КММ-ге қолдау көрсетіп, үнемі барып тұрады. Какаклизмнен (өрт, су тасқыны) зардап шеккен жандарды қиындықта қалдырмайды. Әбжанова Айниса қайырымдылықпен ғана айналысып қоймайды, өзінің де дамуын естен шығармайды, қоғамдық өмірге белсене ат салысады. 2007 жылы Айниса «Көкшетау аруы» атағын  жеңіп алып, «Қазақстан ару-2007» конкурсына қатысады. Сонымен қатар, Айниса үнемі білімін жетілдіріп отырады, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Астана қаласы жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың» ММ ұйымдастыруымен өткен «Жастар энергиясы» лагеріне қатысты.