PhD доктор, доцент Айнұр Омарованың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты - Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті адами ресурстарды басқарудағы практикалық дағдылар мен әдістемелік ережелерді құрастыру, ғылыми негіздеу.

А.Т.Омарованың ғылыми зерттеулері нәтижелері базасына енетін шетелдік жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарық көріп,

Scopus, Thomson Reuters, ККСОН МОН РК, РИНЦ және т.б. компаниялардың ақпараттық базасына енгізілді.

Бүгінгі таңда Айнұр Омарова «Менеджмент және инновация» кафедрасының «Заманауи Қазақстанда адам ресурстарын басқару» тақырыбындағы  ғылыми-зерттеу  жұмысының жетекшісі.
Омарова А.Т. ғылыми-зерттеу жұмыстарына стдуенттерімен бірге белсенді атсалысады:

Республикалық деңгейде:

1. ҚазЭУ-де өткен VI Республикалық пәндік олимпиадасында қаржы пәні бойынша 2-орын иегері. Ғылыми жетекші: Омарова А.Т. (2013 ж)

2. Т.Рысқұлов атындағы ҚЭУ-де өткен VII Республикалық пәндік олимпиадасының 2-орын иегері. Ғылыми жетекші: Омарова А.Т. (2014 ж)

 3. Нархоз университетінде өткен VIII Республикалық пәндік олимпиадасына экономика пәні бойынша қатысып, «Үздік бизнес идея» дипломымен марапатталып, «Үздік экономист» аталымына ие болды. Ғылыми жетекші: PhD доктор Омарова А.Т. (2015 ж)

4. Нархоз унивеситетінде өткен VIII Республикалық пәндік олимпиадасында қаржы пәні бойынша 2-орын иегері.

Ғылыми жетекші: PhD доктор Омарова А.Т. (2015 ж)

5. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырған Республикалық олимпиадаға қаржы пәні бойынша қатысып, 2-орынды еншіледі. Ғылыми жетекші: PhD доктор Омарова А.Т. (2015 ж)

6. Экономика мамандығы бойынша XV Республикалық олимпиадасында 1-орынды жеңіп алды. (Мн-42 т, Солодун Л., Ғылыми жетекші - PhD доктор Омарова А.Т.) (2016 ж)

7. Нархоз университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадада «Үздік бизнес идея» грамотасымен марапатталды. (Турумтаева М., Сергебаева А., Ким К., Ғылыми жетекші Омарова А.Т) (2017 ж)

8. «Нұр Отан» ұйымдастырған «ScienceSlamKaraganda» конкурсында  (Турумтаева М., Сергебаева А., Ким К., ғылыми жетекші Омарова А.Т.) Диплом – 3 орын – «Үздік инновациялық жоба» (2017 ж)

9. Нархоз университетінде өткен XI Республикалық пәндік олимпиадада қаржы пәні бойынша 1 орынға ие болды. Ғылыми жетекші - PhD доктор Омарова А.Т. (2018 ж)

10. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен Республикалық олимпиадада менеджмент бойынша 2 орынды иеленді. Ғылыми жетекші - PhD доктор Омарова А.Т. (2018 ж)

Аймақтық деңгейде:

1. «BolashakBusinessCompetition» интеллектуалды ойынына қатысып, «Үздік бизнес идея» дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекші PhD доктор Омарова А.Т. Барлық қатысушы командаларға қазақстандық алғашқы «BolashakBusinessCases» жинағының «АВС ГЭС: инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыру тәжірибесі» бизнес-кейсін шешу тапсырмасы берілді.

2.  «EXPO – 2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне арналған «Сарыарқа болашағы» атты инновациялық жобалар конкурсына қатысып, «Үздік бизнес жоба» сертификатына ие болды. Ғылыми жетекші – PhD доктор Омарова А.Т.

Халықаралық деңгейде:

1. Студенттердің жобалық-зерттеушілік жұмыстарына арналған II Халықаралық конкурсында «Қызмет көрсету саласының кемшіліктері мен даму келешегі» жұмысы үшін 3 орын –Кострома қ. – 2016 ж. ( Мн-42 т. Солодун Л., А., Ғылыми жетекші Омарова А.Т.)

2016-2017 оқу жылында  Омарова А.Т төмендегі пәндерден дәріс оқыды:

 «Менеджмент» (ағылшын тілінде), «Инвестициялық менеджмент», «Операциялық менеджмент», «Жобаларды басқару».

Омарова А.Т. «Менеджмент және инновация», «Экономика» факультеттері кафедраларында ППС ғылыми-зерттеу жұмыстары мен студенттермен ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау сынды жауапкершілігі мол міндеттерді адал атқарып келеді. 
Сонымен қатар Айнұр Омарова ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Оқыту пәндерінің әдістемелік материалдарын тұрақты түрде жоғары деңгейге сай дайындап тапсырады.

Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.