Айжан Жұмабаева – жаяу жүргінші жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобаның бірлескен авторы.

Айжан Жұмабаева Мират Жекеевпен бірге Астана қаласының әкімдігі деңгейінде қаланың жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобаны юелсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл жоба ЭКСПО-2017 көрмесінде швейцариялық павильон өкілдері ұйымдастырған «Student Poster Contest at International Seminar “Towards Smart Sustainable Cities – Integrated Approaches» байқауында жеңімпаз атанды және «Жастар Отаны» 10 үздік жобалар қатарына енді.Бұл жобаның негізгі мақсаты түнгі уақытта жаяу жүргіншілерді басып кетуге байланысты автокөлік жолдарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолда жайлы болуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жүйе жүргізушілерге жолдың жанында жаяу жүргіншінің болуы туралы хабардар етуге, уақытылы жылдамдықты баяулатуға және көлік құралын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Айжан сондай-ақ фотожурналистикамен айналысады, NU Case Club компаниялары үшін мәселелерді шешуге өз уақытын арнайды. 2017 жылдан бастап Astana Toastmasters Club шешендік шеберлік және көшбасшылық клубының белсендімүшесі болып табылады.

Әртүрлі ұйымдарға қатысудың халықаралықтәжірибесі бар. Прагадағы AIPES 2017 Карлов Университетінің негізінде жазғы халықаралық мектептің түлегі, ол онда 44 қатысушы елдердің арасындаҚазақстанды көрсетті. 2018 жылдың сәуір айында ол Минск қаласында «ТМД-ы үшін 100 идея» байқауына қазақстандық жастар жобасының делегациясы құрамында болды. 2018 жылдың маусым айында Мәскеудегі Сколков ғылым және технология институты негізінде оңтайландыру және басқару бойынша 10-шы дәстүрлі жастар мектебінің алғашқы шетелдік қатысушысы болды.