Ақбике Алғи - Дельфий ойындарының алтын медаль иегері, көптеген белгілі халықаралық байқаулардың лауреаты

Биография

Жас скрипкашы Ақбике Алғи 2000 жылдың 30 сәуірінде Астана қаласында дүниеге келген. Әкесі Ға­лым мен анасы Эльмира бірі – домбырашы, бірі – қобызшы. «Саз Отау» дуэті ретінде талай шет мемле­кет­те ата-бабамыздың мұрасын насихаттаған музыканттар. Атасы Алғи – Қаршыға Ахмедияровтың туған інісі екен. Ақбикенің өзі скрипкада ойнауды бар болғаны 5 жасында үйренеді. Және сол жасында Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің скрипка кафедрасының дайындық бөліміне оқуға түседі.

Өмір жолы

2010 жылы 10 жасар Ақбике VI «Астана-Мерей» жас орын­даушылардың халықаралық байқауында І орын алады.

Астанада өткен халықаралық скрипкашылар байқауында ІІІ орын иемденген.

КСРО халық артисі Эдуард Грачтың төрағалығымен өткен «Скрип­ка Севера» байқауында топ жарып, ІІ орынға көтерілген.

Ита­лияда өткен халықаралық сайыста топ жарған. Германияда өткен XV халықаралық скрип­кашылар байқауында өнерімен көптің көңілінен шықса, Халықаралық Дельфин ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Осыған дейін жас скрипкашы Қарағанды, Атырау, Орал қалаларында концерт қойып үлгерді. Үстіміздегі жылы Астанада Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен концерт берген болатын.

Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің студенті болып табылады. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Райса Мұсақожаеваның шәкірті.

Ақбике Алғидың сахналық тәжірибесі мол, еліміздің және шетелдің белгілі концерттік алаңдарында өнер көрсеткен. Оның есімі Италия, Алмания, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, АҚШ елдеріне белгілі.

«Музыка – бұл жан-жүрегіңнің күйі ғана емес, менің өмірімнің мәні», – дейді жас скрипкашы.