Ақбота Әмірова – оториноларинголог-дәрігер.

Елдің солтүстігіндегі кішігірім жайлы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ақбота Бағланқызының атасы Қоңыртбек Құрманбаев дәрігер болып жұмыс істеген және ұзақ уақыттан бері Ақмола облыстық туберкулез диспансерін басқарды, қазірде ол оның атымен аталады. Әкесі атасының ізімен жүріп, хирург болды. Дәрігерлер отбасында дүниеге келіп, атасы мен әкесінің мысалдарынан шабыттанған ол балалық шағында осы игі кәсіпті таңдайтынын анық шешті. Дәрігер мамандығын таңдауының тағы бір себебі – адамдарға көмектесуге деген үлкен ықыласы. Ақбота Бағланқызы мектепті бітіргеннен кейін медицина университетінің педиатрлық факультетіне грантқа түседі.

Осыдан бір жарым жыл бұрын ол Инстаграмда өз блогын жүргізе бастады, онда ол клиниканы және ЛОР ауруларын диагностикалауды медициналық білімі жоқ адамдарға түсінікті, қарапайым сөздермен түсіндіреді. Ақбота бағланқызы емдеу мен диагностикалаудың тек заманауи әдістерін қолданады, өзін дәлелді медицина докторы ретінде көрсетеді (үнемі ресейлікоториноларингология, Up to Date, MedScape, Jama, Lancet,MayoClinic және т.б. сияқты журналдарды оқиды). Осылайша ол адамдарға білім беріп, оларға не болғанын және не істеу керектігін түсінуге көмектеседі. «Асыл Ана» республикалық фестивалінде «Ана дәрігер»номинациясын иеленді.