Ақжан Кәрім – қоғам қайраткері

Ақжан Кәрім – «Ардос-жүрек» мүгедектер бірлестігі» БЗТ директоры. Бала кезден мүгедек болған Ақжан өзі секілді жандарды жақсы түсінеді. Ол 2007 жылы Қазақстанның алғашқы инклюзивті болып табылатын №13 орта мектепті бітірген. Ақжан тәлімгері Шәміл Тауфиқұлы Шақшақбаевтан үлгі алады, ол мүгедек бола тұрып мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап интернат ашып, олардың өзін-өзі танытуына барлық жағдайын жасаған.

2012 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық негіздері» мамандығын табысты аяқтаған. 2013 жылы достарымен бірге «Ардос-жүрек» мүгедектер бірлестігі» БЗТ негізін қалаған. 5 жыл жұмыс ішінде 15 әлеуметтік жоба жүзеге асырған.

Ақжан денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас жасау ережелерінің әдістемелік құралы авторы болып табылады, 2016 жылы мектепке бара алмайтын мүгедек балаларды онлайн оқыту жүйесін жасап, енгізді. Бұл жүйенің арқасында балалар видеобайланыс арқылы сабаққа қатысады, мұғалімге сұрақ қояды, кластастарымен араласады.

2018 жылы «Қолымнан келеді» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін ашты, мақсаты бей-жай емес адамдарға пайда келтіретін орнықты әлеуметтік жобалар жасауды үйрету. Мектептің алғашқы түлектері қазір «Қимыл-тірек аппараты бұзылған жандар автомектебі», «Әлеуметтік тігін шеберханасы», «Бейнемонтаж студиясы», «Балаларға әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды үйрету» секілді жобаларды жүзеге асырып жүр.

Ақжан әлемнің мүмкіндіктерге толы екендігіне және шектеулер тек мида анықталатынына сенімді. Ақжанның өмірлік ұстанымы – «Сен болмасаң, кім? Қазір болмаса, қашан?»