Қимыл-тірек аппараты бұзылуы бар спортшы, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі.

1973 жылы 20 ақпанда Қостанай облысы Урицкий қаласында дүниеге келген. 1988 жылы 8 сыныпты бітірген. Урийкий ауданының Арнаулы кәсіптік техникалық училищесі-22 жүк көлігі операторына түседі. 1991-1993 жж. Талдықорған қаласындағы Әуе күштері әуежайындағы әскерде қызмет етті. 1997 жылы жол апатының нәтижесінде жарақат алды.

Спорттағы атағы: СПоДа мүгедек спортшылар арасында шаңғы жарысы бойынша ҚР СМ.  Спорт жетістіктері: ҚР чемпионы; Канададағы Әлем кубогінің I кезеңі (Кэнмор) 06.12.13ж.- 11 орын;  Финляндияда өткен Әлем кубогінің ІІ кезеңі (Вуокатти) 10.01.14ж. – 12 орын; Германиядағы Әлем кубогінің финалы (Оберстфорд) 19.01.14ж. – 15 орын. Барлық кезеңде Сочи-2014 Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензия алғандығын растады: спринт, 10 км, 20 км классикалық стил және биатлон. 2014 жылы Сочидегі Паралимпиада ойындарының қатысушысы, классикалық стиль бойынша 20 км қашықтықта 13 орын. 2018 жылы наурыз айында – Кореядағы XII Паралимпиада ойындарының паралимпиада чемпионы, 1,5 қашықтықта спринт классикалық стиль.