Александр Медведев – кәсіби спортшы, садақпен атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан тарихында – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиадалық ойындарда біздің елдің атынан шыққан тұңғыш паралимпиялық садақшы.

Алғаш рет садақты қолына 2014 жылдың қараша айында алды және екі жылдың ішінде кәсіпқой спортшыға айналды, садақпен атудан Қазақстан Чемпионаты мен Халықаралық жарыстардың жүлдегері болып табылады.

Бұл Александрдың спорттағы жалғыз жетістігі емес. Ол жүзуден спорт шебері, жеңіл атлетика (ядро, найза, диск лақтыру) және оқпен ату бойынша Қазақстан чемпионы болып табылады. Ол өзінің табысқа жетуіне еңбекқорлығына, мақсатқа талпынушылығына, әрдайым жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылысына және оған көмектескен тәлімгерлерге қарыздармын деп есептейді.

Александр Медведев 1972 жылы 23 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. 24 жасында темір жолда жұмыс істеп жүріп, аяқ жарақатын алады, оң жақ жіліншігін ампутациялап, бір жылдан кейін ол жұмысқа қайта оралды.2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, тауар кассирінен бастап, кірме жолдар бөлімінің бастығына дейінгі еңбек жолын өтті. Өз жұмысында ол ой жасампаздығымен ерекшеленді. Қазақстанда алғаш рет Автокад сызба бағдарламасында кірме жолдардағы пойыздардың қозғалыс кестесін жасап, енгізді және оның орнына келген жас мамандарға тәжірибе берді, және де қазіргі уақытта оны табысты қолдануда. 2015 жылы ол өзін спортқа арнау туралы шешім қабылдап, темір жолдан босатылды. Александр әрдайым өзіне барынша көп мақсаттар қояды және оларға табысты жетеді, спортта да, өмірде де жастар үшін тәлімгер және абыройлы.