Александр Соцков – спортшы

Александр Александрұлы Соцков бодибилдинг спорт түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Оның шәкірттері республикалық, халықаралық сайыстарда топ жарып, оқ бойы озық тұрды. Бұл бапкердің өз ісіне адалдығының, зор жауапкершілікпен қарайтындығының дәлелі болса керек. Жаттықтырушының ендігі мақсаты шәкірттерінің санын арттырып, оларды салауатты өмір салтына баулу. Сондай-ақ болашақта еліміздің көк туын көкте желбірететін спортшылардың санын көбейту.

Ол 1975 жылы 5 маусымда Ақмола облысы Степногорск қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ туризм және спорт академиясының дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда ол Рудный қаласы әкімдігінің №1 Рудный қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы.

Александр Соцков 2009 жылдан бастап №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс істейді. Жаттықтырушы зілтемір көтеруден Азия Чемпионатына 1 спортшыны дайындап, пауэрлифтинг спорт түрі бойынша ҚР 4 спорт шеберін, зілтемір көтеруден ҚР 6 спорт шеберін, пауэрлифтингтен 15 үміткер, зілтемір көтеруден де 15 үміткер дайындады.

Александр Соцков Рудный қаласы әкімдігі, дене шынықтыру бөлімінің алғыс хатымен және ҚР пауэрлифтинг Федерациясының алғыс хатымен марапатталған.