Алексей Георгиевич Аман – көпке үлгі боларлық мейірімді, елгезек және ерекше адал адам. Алексейге ерте жасынан  бастап-ақ үлкен үміт артылып, ол оны кешіктірмей растаған. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап ол кәсіпкерлік қызметпен айналысады, облыстың жас әрі табысты кәсіпкері болып табылады.

Алексей қалада кәсіпкерлікті дамытуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды және жаңа өндірістерді дамытуды өзінің қызметінің басты міндеті деп санайды.

Алексей Георгиевич білімді, көп тоқыған басшы, кәсіпорынның ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерін шешуді сауатты түрде ойластырады. А.Г. Аманның басқаруымен «Арнаулы болат конструкциялар» ЖШС-де 20-дан астам адамды жұмыспен қамтитын, тұрақты әрі серпінді дамитын кәсіпорынға айналды. Кәсіпорында өткізілетін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және спорттық мақсаттағы ангарлардың бірегей және инновациялық өндірісі оның тек қана Қостанай облысында ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында және еліміздің басқа да бірқатар өңірлерінде өткізілетін өнімдерін алдыңғы орынға жылжытты. Кәсіпорында «жобалаудан бастап монтаждауға дейін» атты тұжырымдама іске асырылды, бұл дегеніміз делдалдардың болмауын білдіреді, бұл дайын өнімнің арзандауынан және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің артуынан көрінеді.

А.Г. Аманның басқаруымен кәсіпорын қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына белсенді атсалысуда. Алексей Георгиевич әлеуметтік мәселелерді шешуде де шеткері қалмайды. Алғашқы кәсіпкерлердің бірі ретінде «Өркендей бер, менің Қостанайым» атты акцияға үн қосты. 2016 жылы Лисаковск қаласында «Арнаулы болат құрастырылымдар» ЖШС қаражаты есебінен 5 шағын аудандағы № 17 үйдің ауласында балалардың ойын алаңын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, Лисаковск түзету мектеп-интернатында оқитын балалар үшін жаңа алаң салынды. Аталған ойын алаңдары әртүрлі жастағы балалардың физикалық даумына, олардың қатарларымен араласуына ықпал етеді, зиянды әдеттерге әуестенулерден алыстатады және қала алаңдарының келбетін жақсартады.

Наурыз мейрамының қарсаңында Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне Алексей Георгиевичтің батамасы бойынша және қатысуымен Лисаковск қаласының дәл ортасында астаналық Бәйтеректің жоғарыда 4 метрлік шары бар биіктігі 15 метр кішірейтілген көшірмесі орнатылды.

Табысты басқарушы, өзінің шешімдеріне берік сенімді адам, өзінің сүйікті ісіне берілген кәсіпкер 2008 жылы желтоқсан айында Қостанай облысы Жастарының алтын кітабына енгізілді және кемелге келген жасында өзіне бір кезде көрсетілген сенімді ақтады. А.Г. Аман заманауи, кретаивті басқару мәнерін меңгерген. Оған көздеген мақсаттарын орындаудағы қайраттылық және қайсарлық сияқты сипаттағы қасиеттер тән. Лисаковск қаласының тумасы бола отырып, өзінің қаласы мен облысы үшін қашанда жүргеі ауырады, екеуара сұхбатқа дайын, қаланың қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысады.

Алексей – лайықты кәсіпкер және қызметі кішкентай қала сияқты, сонымен қатар үлкен елге пайда келтіретін адам: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ол меценат ретінде шығады және шағын отанын дамытуға қомақты үлесін қосады.