Алексей Куликов – «Перекресток» қоғамдық қорының өкілі.

Еңбек жолын 1995 жылы Пионерлер сарайында қосымша білім беру педагогі болып бастады. 2001 жылы психотроптық заттарға тәуелді балалар мен жасөспірімдерге арналған сауықтыру орталығында (Польша, Гданьск)тағылымдамадан өтті. 2006 және 2013 жылдары АҚШ-та «Community Connections» бағдарламасы бойынша «командалық білім беру және басқарудағы көшбасшылық», «Бағдарламалық менеджмент жобаларын әзірлеу және жүргізу тақырыптарында тағылымдамадан өтті. 1996-2001 жылдары «Есірткі тұтыну зиянын азайту» бағдарламасы бойынша «Қостанай қаласындағы «Көмек» қоғамдық қорында «Сенім телефонының» кеңесшісі ретінде қызмет атқарды. 2002-2008 жылдары «Street Kids International» халықаралық ұйымның өкілі болды. 2001 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Перекресток» қоғамдық қорының өкілі. Қордың қызметі шеңберінде жалпы сомасы 250 млн теңгені құрайтын 50-ден аса жоба іске асырды. Финляндия, АҚШ және Жапония елшіліктерімен, халықаралық ұйымдармен (USAID, Soros Foundation)  ынтымақтастық жасады. 2004 жылы қоғамдық қордың жанынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Үйге жол» отбасылық нысандарын дамытуға жәрдемдесу орталығы ашылды. 2011 жылы  ұйым адамдарға, соның ішінде  мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған кең ауқымды түзету тренингіне, сондай-ақ жазғы демалыстарға (Қазақстандағы Финляндия елшілігі) еркін қолжетімділік механизмін құру жөніндегі жобаны іске асырды. 2013 жылы қаңтарда «Корни травы» (Жапония елшілігі)бағдарламасы шеңберінде А.Куликов пен Қазақстан Республикасындағы Жапония елшісі Юдзо Харада арасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Хатико» оңалту орталығының құрылысын салу туралы келісімшартқа қол қойды. Донорлық қорлармен 437 шаршы метр аумақты құрайтын екі қабатты ғимарат салынды. Донордың қаражатына ауданы 437 шаршы метр екі қабатты ғимарат салынды. Жұмыс барысында «Хатико» орталығына 800-ден астам адам келді, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерден, Қостанай қаласының колледждерінен, психоневрологиялық мектеп-интернатынан және түзету мектеп-интернатынан мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар бар. Бүгінгі күні орталық жылына 400-ден астам адамды қабылдай алады.