Али Мехтиев – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі

Али Мехтиев – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор ғылыми атағы бар. Тау-кен және металлургия өнеркәсібінде жұмыс істеген. Ғылыми зерттеу облысы – балама және бейдәстүрлі энергетика.

Бірнеше рет «Жасыл технологиялар» саласындағы түрлі көрмелерге қатысқан. Жобаларының бірі Қарағанды облысының атынан ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруындағы алты ғылыми-техникалық жобаның жетекшісі, Қазір әлемде теңдесі жоқ екі жобаны жасап отыр – «Бу электр жылытқышы» және «Аса төмен қуатты көпжағармайлы электр станциясы» 2020 жылы коммерцияландырылмақ. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі, АҚШ энергетик инженерлері ассоциациясының (АЕЕ)  толық мүшесі. 2012 жылғы «ҚР үздік ЖОО оқытушысы» атағының, «Мемлекеттік талантты ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге арналған ғылыми стипендия», «Ерен Енбегi үшiн» құрмет белгісі  иегері. ҚР энергетика министрі және БҒМ министрінің құрмет грамоталарымен марапатталған.