Әлібек Датбаев – Team Lead және Booking.com-ді жасаушы. Әзірлеушілер командасын басқару және жаңа техноголиялық өнімдер жасау арқылы компанияда жаңа бизнес-бағыттар дамыту және құруға белсенді қатысады. Стартаптарда, оның ішінде Кремний алқабында ipsy.com. компаниясында жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Әлібек Датбаев 1988 жылы 25 ақпанда Павлодарда туған. 2006 жылы «Жас Дарын» мектебін бітірген. Мектепте оқып жүргенде спорт түрлерімен айналысқан, тоғызқұмалақтан СШК атағы бар.

2010 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін «Есептеу техникасы және программалық қамтама» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс істеуді 3-курстан бастаған. ЖОО-ны бітірген соң нөлден стартап - тамақ жеткізетін және шараларға билет сататын онлайн сервисін жасауға команда жинады.

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта кәсіпкерлікпен айналысты: 2 эксперименталдық жобаны, яғни, "BestCases" телефон қаптарын сататын онлайн дүкен және қазір cvety.kz деп аталатын гүл жеткізу сервисін іске қосты.

Бүгінде Әлібек тұрақты түрде студенттер мен ЖОО түлектерін алдыңғы қатарлы IT компанияларға жұмысқа тұру туралы кеңес береді, және сонымен қатар кейбір қазақстандық стартаптарға менторлық жасап, тәжірибесімен бөліседі.

Әлібек Booking.com  компаниясына жұмысқа шақырылмас бұрын 2 рет Болашақ бойынша оқуға түспей қалған, 3 рет математика және информатикадан республикалық олимпиадаға өтпей қалған, және Павлодарда тұрып 120-ға жуық қашықтықтан сұхбаттасудан өткен.  жетістікке жетудің ешқандай формуласы жоқтығына, алайда жігермен және ынтамен көп жұмыс істеу қажеттігіне, ал сәтсіздіктер, сынақтар мен қателесулер – жеңістерге жету жолының айнымас бөлігі екеніне берік сенімді. Әлібек үнемі тұлғалық даму – бәсекеге қабілетті болғысы келетін әр адамның айнымас бөлігі деп санайды.