Әлия Әлжанова – физика бойынша философия (PhD)докторы.

Соңғы үш жылда Әлия 2 монография және 30 мақала шығарды. Оның ішінде жоғары импакт-фактормен 4 мақала, Scopus базасында индекстелген 2 мақала, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 8 жарияланым.Оның ғылыми нәтижелері 7-ден астам шетел ғылыми конференцияларында (Германия, Польша, Белоруссия, Ресей) және республика бойынша (Астана, Алматы, Қарағанды) 10-нан астам халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарда апробациядан өтті. Ол өнертабысқа екі инновациялық патент алды. Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, физика саласындағы жоғары жетістіктері үшін  төс белгісінің иегері (2018).

Әлия – ТМД Атқарушы комитетінің қолдауымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі бастамасымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында «ТМД-ға 100 идея» (Беларуссия, Минск) халықаралық инновациялық жобалар конкурсының жеңімпазы.«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «NURINTECH» жастардың республикалық инновациялық жобалары конкурсында «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Оның жобасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жас ғалымдарға арналған инновациялық жобалар конкурсында жеңіске жетті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Үздік ғылыми жұмыс - 2017» байқауында бірінші орын  алды.Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, физика-техникалық факультеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы және жаратылыстану бағыты бойынша университеттің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары.