Әлия Жігітаева - кәсіпкер, қоғам қайраткері

Әлия Жігітаева – Өскемен қаласының «Happy» клиникалар желісінің бас директоры, Шығыс Қазақастандағы «Niet Woman» әйелдер бастамасы қауымдастығының төрағасы.

«Happy» клиникалар желісі – 2013 жылы құрылған, ересектер мен балаларға педиатрия және стоматология облысында білікті медициналық көмек көрсететін жеке клиникалар желісі. «Happy» клиникалар желісіне аймақтағы денталды практикада жаңа тәсілдеме қолданатын «Happy Dent» тұңғыш жеке балалар стоматологиясы, «Happy Clinic» көпбейінді балалар медицина орталығы және - «Sky Dent» ересектер стоматологиясы кіреді.

Клиникалардың бастығы балаларды емдеу мен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуде. Ең алдымен бұл – бейімдеп емдеу, яғни әр кішкентай емделушінің жеке тілін табу. Әлия Сайлауханқызы клиникалар желісінің бастығы және үш тамаша қыздың анасы ретінде  жұмысында балаларды ешқандай мәжбүрлеусіз, бейімдеп емдеу принципін ұстанады. Қазіргі сәтте клиникалар желісі 65 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Әлия Сайлауханқызы негізгі медициналық қызмет бағытынан басқа өз идеясының бастамасымен құрылған және белсенді жұмыс жүргізіп отырған әйелдер бастамасы қауымдастығының жұмысын үйлестіреді. Ең алдымен оған жас кәсіпкерлерді тәрбиелеу, тәжірибе алмасу, қайырымдылық бастамалар және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін насихаттау жатады. Әлия Сайлауханқызының бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін ерекшелей отырып, әлсіз санаттағы балаларға, атап айтқанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қиын өмірлік жағдайлардағы балаларға көрсететін тұрақты көмегін айта кету керек. Балалардың бұл тобын диагностикалау және емдеу тегін жасалады. Белсенді азаматтық көзқарасы бар кәсіби маман бола отырып әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарын жүргізіп, осы бағыттағы жаңа бастамаларды қолдайды.