Алпамыс Шаримов - қоғам белсендісі

Шаримов Алпамыс Өскенбайұлы - 1991 жылы 10 шілде күні Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген. 2009 жылы грант негізінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдениет және өнер» факультеті «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығына түседі. 2012 жылы академикалық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша елінің Быдгощч қаласында «Халықаралық өнер және туризм» университетінде білімін жалғастырады. Германия, Франция, Люксенбург, Бельгия, Голландия елдерінде тәжірибеден өтіп, «Халықаралық дипломатия курсы», «Халықаралық ғылым академиясының курсы», «Үшінші буынды университтер», «Топпен жұмыс жасау» сертификаттарына ие болады. 2013  - 2016 жылдар аралығында  «Қазақстан» ұлттық телеарнасына» продюсер қызметіне кіріп, «Ұлттық шоу», «Сіз не дейсіз?», «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен», «Hello, Қазақстан» және де Қазақстаннан шет елдіктер асырап алынған жетім балалар турасында қоғамдық ой туғызатын «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының шеф редакторы қызметін атқарды. 2015-2017 жж. Түркия, Израиль, Америка Құрма штаты, Оңтүстік Африка елдерінің Қазақстандағы Елшілігімен тығыз мәдени байланыста қызмет атқарып, әр түрлі шаралардың Бас ұйымдастырушысы болып, Елшілердің құрмет хатына ие болады.

2016 жылы Қазақстан бойынша танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 концерт» бағдарламасын құрып, «Ұмытылмас күн» концертінің бас режиссері сонымен қатар “I аm singer”  (Мен әншімін) жобасы аясында   Димаш Құдайбергеннің PR менеджері қызметін атқарды.

Алпамыс Шаримов - қайырымдылыққа жаны жақын жан. Университет қабырғасынан бастап Облыстық балалар үйі мен қарттар үйімен тығыз байланыста түрлі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып кішінің ілтипатын, үлкеннің батасын алған. Ешқашанда өзінің қайырымдылық шаралары туралы БАҚ жария етпей, өз бетінше айналысып келген. 2015 жылы өзінің туған жері Орал қаласында алғаш рет өз идеясы, өз қаражатымен қайырымдылық «Гранд бал» шарасын ұйымдастырады. Аталмыш шараның бас режиссері болып, Елімізге танымал әншілерді Облыстық естіп-сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп-интернаты балаларымен бірге бір сахнада өнер көрсетуіне жағдай жасайды. Осы кештің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал еткен елімізге танымал өнер жұлдыздары Жанар Дугалова, Мақпал Исабекова, Димаш Құдайберген, Тәуекел Мүсілім, Асылхан Төлепов т.б тұлғаларды «Гранд балдың» «Қайырымдылық Елшісі» статусын береді. Бұл шара Қызылорда және Шымкент қалаларында өз жалғасын тауып, жергілікті мейрімге құштар жандардың қошеметіне бөленді. «Гранд бал» шарасын аясында дебютант жастарға Алпамыс Шаримов «Қоғамда қайырымдылықтың маңызы» тақырыбында  арнайы шеберлік класын өткізеді. Балға қатысушы жастармен бірге жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп, бір ай көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. 2016 жылы қайырымдылық «Гранд бал» өз жалғасын тауып өз қаражатымен қайтадан ұйымдастырлады. Бұл жолы шара - облыстық көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатындағы оқушыларға арналады. Бейбіт Кушкалиев, Димаш Құдайбергенов, Жанар Дугалова, «Алау» тобы, Асылхан Төлепов, Даулет Бижанов т.б өнер жұлдыздары қолдап аталмыш шараның өз дәрежесінде өтуіне ат салысады. Димаш Құдайбергенов пен облыстық көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатындағы оқушылардың «Қараторғай» әні әлі күнге дейін көрермен жүрегінде сақталды. Кеш аясында мектеп-интернат оқушыларына материалды көмек көрсетіліп, Алпамыс Шаримов балалардың армандаған сыйлықтарын алып берді. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дәстүрге айналған қайырымдылық гранд бал шарасын қолдап, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Love for all (Бар махаббатмен)» тақырыбымен тағы да өз жалғасын тапты. Алпамыс Шаримов елімізге танымал өнер жұлдыздарын еш қаламақысыз кешке қатысуын ұйымдастырды. Бұл жылы Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дугалова, Гүлнар Оразымбетова, Ерке Есмахан, Ренат Гайсин, Ләйла Сұлтанқызы, Гүлнара Сильбаева, әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайберген мен «Евровидения 2011» байқауының бас жүлдегері, әлемдік жұлдыз Эльдар Гасымов қайырымдылық шараға арнайы қатысты. Олардың бірімен облыстық қарттар үйінде, бірімен балалар үйінде, енді бірімен облыстық естіп сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектеп интернатында, көру қабілеті бұзылған балалар мектеп интернатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Ал биыл IV қайырымдылық гранд бал республикалық статусқа ие болып, қайта ұйымдастырылды. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шымкент қалаларынан дебютанттар арнайы келіп қатысты. «Мейірім мекені» деп атау алған дәстүрлі балдың дебютанттарын бүйрегін бейтаныс қызға берген Абзал Әбділов бастап шықты. Ал кештен түскен қаражат толығымен көз жанарынан айырылған Гүлхая Жуашбаеваның еміне аударылды.

Алпамыс Шаримов өз еркімен екі жыл қатарынан «Жүректен жүрекке» бейтаныс жандарға материалдық көмек көрсету акциясымен айналысып келеді. Әлеуметтік жағдайы төмек отбасыларға тосын сый қорабы, материалдық көмек жібереді. Екі жылда 220 отбасы Алпамыс және оның командасының «Жүректен жүрекке» акциясынан қолдау алды. 

Қарттар үйімен тұрақты жұмыс атқаратын Алпамыс өнер жұлдыздарымен арнайы кештер ұйымдастырып, жалғыз қалған ата-әжелермен айына бір сән салондарына тегін бару акциясын ұйымдастырады. 

Алпамыс Шаримов 2017 жылдан бастап әлемдік UNICEF-тің қолдауымен ұйымдастырылған танымал актриса Ева Лонгорияның «Eva Longoria fondation» және халықаралық «Global gift gala fondation» ұйымдарының ресми мүшесі атанып отыр. Әлемге әйгілі Дэвид Бекхэм, Виктория Бэкхэм, Лара Фабиан, «50  cent», Антонио Бандерас, Ұлыбритания ханшайымы Меган Маркл т.б бірге Алпамыс Шаримовтың есімі «Global gift gala fondation» ұйымының ресми сайтында http://globalgiftfoundation.org/global-gifters/ қайырымды жандар тізімінде алғашқы ондыққа кіреді.

Алпамыс Шаримов бүгінгі  таңда “Бастау” атты домбырашылар тобының продюсері. Наурыз айында Латвия астанасы Ригада өткен “Восходящие звезды” халықаралық байқауында Гран При, Израиль еліндегі Иерусалим қаласында өткен International Festival-Contest “Music of World” – “Әлем музыкасы” халықаралық музыка фестивалінде Гран При, маусым айында Түркия елінде өткен “Bridge TV” арнасының “Need for fest” телефестивалінде “Үздік музыкалық топ”  және Hollywood төрінде 72 ел бақ сынаған “World championships” әлемдік байқауда, қазақ халқының ұлттық аспабымен өнер көрсетіп “Аспапта орындау” номинациясында алтын медальге ие болып, «Бастау» домбырашылар тобы бір жылдың ішінде халықаралық атаулы төрт марапаттың иегері атанды.

Алпамыс Шаримов Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігі, Елші Дулат Қуанышбаевтың «Қазақстанның замануи музыка өнерін Израиль мемлекетінде ілгерлетуге қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапатталды.

Алпамыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туынды тік» бағдарламасымен өзінің туған жері Аралтөбе ауылында түрлі мәдени-қоғамдық шараларды ұйымдастырып келеді. Айта кетсек, Серік Ибрагимовтың, Димаш Құдайбергеннің, «Алау» тобының, Бейбіт Кушкалиевтің жеке ән кештерін ауыл, аудан жұртшылығына тегін ұйымдастырып, Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Р.Мұхитов ауыл халқы атынан құрмет грамотасымен марапаттады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры И.А.Сәлімұлының алғыс хатының, “Астана Қайырымды Жандары” ерікті тобының алғыс хатының, “Қазақ радиолары” ЖШС директоры Мәди Манатбекұлының алғыс хатының, Батыс Қазақстан облысы “Жыл үздігі-2017” марапатының иегері атанды.