Алтынбек Әбілда – Астана мемлекеттік академиялық филармониясының жеке солисті. Қазақ Ұлттық өнер университетінің магистранты. Опералық әнші, халықаралық және республикалық вокалистер конкурсының лауреаты. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры стипендиясының иегері.

Алтынбек Еркінбайұлы Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінде "Вокалдық өнер" мамандығы бойынша білім алған. Қазақстанның барлық қалаларында өнер көрсеткен талантты әнші, сонымен қатар симфониялық және қазақ оркестірлерімен Түркияда(Стамбул,Анкара), Ресей Федерациясында (Мәскеу, Санкт-Петербург, Челябинск, Екатиринбург, Уфа), Словакияда (Братислава), Венгрияда (Будапешт, Шопрон), Австрияда (Вена) концерттік бағдарламалармен гастрольдік сапарда болды. Әбілда Алтынбек көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты: Халықаралық "Звездный мост" вокалистер байқауының І орын лауреаты, ҚазКСР xалық әртісі профессор Н.Шарипова атындағы І республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты, ҚР Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы І Республикалық вокалистер конкурсының "Бас жүлде" иегері, КСРО Халық әртісі, Халық Қаhарманы Н.Тілендиев атындағы ІІІ Халықаралық "Өз елім" вокалистер конкурсының ІІ орын лауреаты және "Алтын медаль" иегері, Х Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының "Бас жүлде" және "Алтын медаль" иегері, ІІ Халықаралық "Орфей" вокалистер конкурсының ІІ орын лауреаты, КСРО Халық әртісі З.Исмагилов атындағы ІІІ Халықаралық вокалистер конкурсының ІІІ орын лауреаты және "З.Исмагиловтың шығармасын үздік орындағаны үшін" Башқұртстан композиторлар одағының арнайы жүлдесінің иегері, КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері, Е.Раxмадиев атындағы І Халықаралық вокалистер байқауының "Бас жүлде" иегері, Ә.Молдағайынов атындағы І Республикалық вокалистер конкурсының "Бас жүлде" иегері. Әбілда Алтынбек қазіргі таңда республикалық және халықаралық масштабтағы мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық концерттердің белсенді қатысушысы.