Анара Молкенова – Назарбаев Университетінің ғылым және технологиялар мектебінің химия бөлімінде жоғары оқу орнынанкейінгі білім алушы.

Ол 2015 жылы Токио технологиялық институтында химия ғылымы бойынша докторлық дәреже алды, оның PhD диссертациясы энергияны сақтау жоғары энергетикалық жүйелеріндамыту болды. Қазіргі уақытта ол профессор Тимур Атабаевтың зерттеу тобында жұмыс істейді. Олардың басты жұмысы биомедицинада қолдану үшін жоғары флуоресцентті және улы емес нанобөлшектерді дамытуға бағытталған. Анара ұнтақ өндіру технологиясы және нанотехнологиясы саласына қосқан үлесі үшін 2011 жылы Oxford Instruments Plasma Technology компаниясының және 2015 жылы «Hosokawa Powder Technology KONA» компаниясының     сыйлығымен марапатталды. Қазіргі таңда ол Materials Research Society АҚШ, Society of Chemical Engineers Жапония, Electrochemistry Society Жапония және Ақш беделді зерттеу қоғамдарының мүшесі болып табылады. Анара Берклидегі Лоуренс атындағы Ұлттық зертхана жанындағы зерттеу тобының мүшесі болып табылады, ол онда экономиканың энергия сыйымдылығын азайту және оның энергия тиімділігін арттыру бойынша зерттеу жүргізеді.

Анара «Алтын белгі» төс белгісінің, Қазақ-Британ техникалық университетінің қызыл дипломыны, University College London (Ұлыбритания) нанотехнологиялар саласында үздік магистр дипломының иегері, «Болашақ» Тұңғыш Президент халықаралық шәкіртақысын алушы, Tokyo Institute of Technology (Жапония) үздік PhD дипломы, Japan Gas Corporation Жапониялық мұнай компаниясының шәкіртақы алушысы, «Techwomen 2017» бағдарламасының қатысушысы, АҚШ Үкіметінің қолдауымен Кремний алқабында тәжірибеден өтті.