Андрей Астафьев – тарихшы, көпжылдық тарихы бар археолог, Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбегі сіңген нұсқаушы.

Андрей Астафьевтің жетекшілігімен 17 ең маңызды зерттеулер жүргізілді: Қосқұдық 1 энеолиттік елдендіру, Үлкенқұдық соңғы Қола дәуірінің діни жерлеу кешені, ерте темір ғасырындағы Тубежик, Меретсай жәен Басқұдық мазары, орта ғасырдағы Қызылқала ескі қаланың орны, Маңғыстау облысы аумағы арқылы өтетін орта ғасырдағы сауда жолдарын зерттеу, Шақпақ-Ата жер асты мешіті, Көккүмбет кесенесі, орта ғасырдағы Сисем-Ата қорым алаңы. «Маңғышлақ түбегінің неолиті және энеолиті» ғылыми монографиясының авторы. Археология және елдің жеке этнологиялық тараулары бойынша 11 көшпелі көрмесінің авторы болып табылады. Андрей тас ғасырының жетілген құралдарын жаңадан жасап шығарды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология залы эскизді жобасының авторы. Маңғыстау энергетикалық комбинаты мұражайының үш экспозициялық залын құруда суретші-көркемдеуші ретінде және Маңғыстау облысы аумағында туризмді дамытудың жоспарын жасауда өңірдің туристік ресурс мәселелері бойынша кеңесші ретінде қатысты. Жеке фотокөрмелерін өткізеді, оның соңғы көрмесі Маңғыстау облысында туризмді дамытуға арналған.

Маңғыстау облысының этнографиясы, археология және тарихы бойынша 50-ден астам жарияланған  мақалалар мен ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы және бірлескен авторы, оның ішінде «Маңғышлақ түбегінің Ойықты неолит мәдениеті», «Қосқұдық 1 елді мекені – Шығыс Каспий маңы Ойықты мәдениетінің қорытынды кезеңіне ескерткіш», «Маңғыстау және Үстірттің ежелгі қазыналары», «Маңғыстаудың жер асты мешіттерін зерттеудің жаңа бағыттары», «Арал-Каспий айырық аумағындағы орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынас жолдары», «Маңғыстау облысындағы Сисем–Ата қорымының  күмбезі орта ғасырлық кешенін археологиялық зерттеу».

Жас кезінен ол тарихқа әуес болды, мектеп оқушысы кезінде тарихи-өлкетану мұрайжайының археология бойынша үйірмесіне қатысты. 1991 жылы Ростов мемлекеттік университетінде археология бойынша мамандандырылған тарих мамандығын оқып бітірді. 1987-1992 жылдары Маңғыстау облыстық таризи-өлкетану мұражайында жұмыс істеді. 1993-1996 жж. – А.Х. Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА археология институтының қызметкері. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ғылыми мамандануы – «Маңғыстау облысының кеш тас ғасыры».  Қазіргі уақытта өз бетінше аймақтық археологтың қызметін жүзеге асыруда.