Андрей Ким – IT-маман

“Day by day I strive to be a better version of myself” – бұл алға жылжуға, мақсат қойып, оған жетуге көмектесетін ұран. Мені бала кезден цифрлар мен сандар әлемі қызықтыратын. Мен үнемі барлық жерден жүйелілік, заңдылық табуға тырысатынмын, соның арқасында «Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығын таңдадым. Қазіргі сәтте цифрлар әлеміне тереңдей түсіп, мен жаңа қызығушылық таптым, ол – үлкен деректер, оларды талдау және интерпретациялау. Мәліметтермен әрекеттесуімнің алғашқы  тәжірибесін өмірімнің бір үзіндісі айтып береді. Әр адам өмірінде қандай да бір қиындықтарға, сынақтарға жолығады. Мен де ондайдан аман емеспін. Мен үшін қиын мәселе программалау еді, әлі де солай. Себебі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті бола тұра (ХАТУ) менің компьютерім жоқ еді, және тілдік қабілеттерім да осал еді. Сондықтан мен мәселені шешу жолын ойластырып, бірден әрекет жасай бастадым. Алғашқы қадам – стипендияның арқасында компьютер сатып алуға жететін ақша жинау. Екінші қадам – күн сайын шартты операторлардан бастап динамикалық программалау, алгоритмдер және деректер қорына дейінгі программалаудың қыр-сырын оқып, меңгеру және түсіну, бір мезгілде ағылшын тілін оқу. Компьютер сатып алып, тілдік қабілеттерімді күшейткен соң, еңбегімнің сыйы ретінде халықаралық ACM IC PC спорттық программалау олимпиадасына қатысып, командамыз жартылай финалға дейін жетті. Сондай-ақ “MethodPro” республикалық IT-тағылымдамада өтіп, онда “Most” қосымшасы жасалды, ол Қазақстан Республикасының бас прокуратурасына ақылды алгоритм негізінде нақты уақыт режимінде қылмыстар туралы мәліметтерге сүйене отырып А нүктесінен В нүктесіне дейін қауіпсіз маршрут жүргізуге мүмкіндік береді. Мен өз арманым мен мақсаттарыма қарай кішкентай  қадамдар жасап жүрмін, ал мақсатым – әлемге Қазақстан жастарының әлеуетін көрсету, сондықтан “Almaty Travel Lab” республикалық хакатондағы жеңіс кәсіби саламызда секіріс болды, себебі біз мәліметтерді талдаудың арқасында travel  сегмент жолымен 1 000 000 $ сомасына шетелдік инвестиция тарта алдық. Бұдан бөлек, TechGarden-нің “StartUp Day” халықаралық акселерация бағдарламасында Қазақстан Республикасы халқын экологиялық таза көкөністермен қамтамасыз ететін  “ECLG” жобасымен жеңіп,  20 000$ ұтып алдық. “KOKoZHE” (көкөністер мен жемістер) шынайылықпен толықтырылған мобилді қосымша балаларға аграрлық технологиялармен оқу процесінде танысуға көмектеседі, ол кейін үйден шықпай өсірген өнімнен ләззат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ “Data for children” халықаралық форумын айта кеткім келеді онда біз мектепке дейінгі білім алудың маңыздылығын көрсетіп қаржылық немесе басқа да себептерден мектепке дейінгі білім алуға жағдайы жоқтарға арнап өзіміздің шешіміміз ретінде Pixel телеграм ботын ұсындық. “Pixel” қазірдің өзінде 109 отбасына таптырмас көмекші болып отыр, онда балалар ойын түрінде 4 бағыт – сандар мен цифралар, әлемді тану, оқу сауаты, тілдер үйрену бойынша білім алады, сондай-ақ өзі балаларға бірге уақыт өткізуге топтар ұйымдастырады. Өмірдің ең жақсы бұрылысының бірі  Қытайдағы 10 дарынды студентке арналған “Seeds for the future” бағдарламасы, Huawei компаниясының штаб-пәтері және “Smart City” саласында елді жылжыту үшін АКТ саласының соңғы тенденциялары туралы оқу болды. “Smart city” – бұл тұтас экоәлем, экожүйе және мен Қазақстанның, атап айтқанда Алматының Оңтүстік Корея, Швеция, Канада, Тайвань, Жапония, Ұлыбритания (Шотландия), Сингапур секілді елдермен бір қатарда тұруына ұмтыламын. Қазақстан жастарына оң өзгеріс енгізу – менің міндетім. Осылайша, түрлі бағдарламаларда спикер болу, әсіресе ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты болса – үлкен мәртебе. Себебі балалар – Қазақстанның болашағы және оларға өзіне, өз күшіне сенуіне көмектесу қажет. Сондай-ақ көптеген жобалардағы, оның ішінде Халықаралық Универсиада 2017, Экспо 2017 шараларындағы волонтерлық қызмет  Қазақстан әлеуетін ғаламдық аренада көрсетуге және елімізде зор мүмкіндіктер бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік берді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы одан да үлкен жетістіктерге құлшыныс беруге, өзіме және өз мүмкіндіктеріме сенуге ықпал етеді.