Андрей Котов - ҚР спорт шебері, каратэ жаттықтырушысы, жас кәсіпкер

Андрей 700-ден аса адам тәрбиелеген, оның ішінде қалалық, республикалық және халықаралық турнирлардың чемпиондары бар.

«Спортқа 9 жасымнан бардым, анам менің лайықты ер-азамат болып өскенімді қалап, өзі ертіп апарды, содан бірте-бірте айналыса бастадым. Жетістікке бірден жеткем жоқ, жасөспірім кезде, жаттықтырушым Таңат Нұрымов болғанда ғана нәтиже көрсете бастадым. Ақырындап, 13 жасқа аяқ басқанда Қазақстан құрамасына еніп, түрлі деңгейдегі, оның ішінде халықаралық турнирларда өнер көрсете бастадым. Осы салада жүрген уақытта барлық қатысқан жарыстарымда 6 рет Қазақстан Кубогын жеңдім, Бүкілресейлік турнирларда да жеңіске жеткен сәттер болды. Ресей чемпионатын жеңу өте қиын, себебі оған 20-да аса елдер қатысады. Бұдан басқа бірнеше рет ТМД турнирларында, халықаралық жарыстарда, 3 рет Еуропа чемпионатында бақ сынадым. Бірде финалға дейін жетіп, ақтық сайыста жеңіліп қалдым, сол кезде спортты жарты жылдай тастап кеттім. Бірақ кейін өзімді қолыма алып, екінші ұмтылысым жеңіспен аяқталды да, менің қуанышымда шек болмады. Осыдан бір ай бұрын Еуропа чемпионатынан келдім, бірақ бұл жолы 21 жастан жоғары жас категориясында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болдым», - дейді Андрей бір порталға берген сұхбатында.

Андрей жаттықтырушылық қызметті тым ерте, бейресми 16 жастан бастағанын баса айтып өтті.

«Бастапқыда жай ғана аға жаттықтырушыма көмектесіп жүрдім. 18 жасқа толғанша біраз уақыт балалар үйірмелерінің тәрбиешілеріне көмектесіп, кішкентай балаларға каратэ үйреттім. Балаларға 4-5 жасынан бастап жекпе-жек негіздерін үйретсе, артынан өте оңай болатынын бірден айтқым келіп тұр. Өйткені балалардың бұл тобын икемге келтірсе, ересек жастағы балалардың әдістемесін оңай табуға болады. Ал ата-аналар барлық залдарда жаттығуларды бақылай алатындықтан, бізге сенеді. Мен ешқашан оларға тыйым салып, есікті жапқан емеспін. Әрі олар нәтижелерін де көріп жүр, себебі шынымен соңғы жылда балаларым республикалық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп жүр: 4 айдай бұрын Ақтөбе қаласында Қазақстан чемпионаты болған, оған мен 2 жыл дайындалған балаларымнан мықты құрама алып бардым. Нәтижесінде 6 алтын медаль жеңіп алдық. Бұл мен үшін үлкен бақыт, себебі шәкірттеріңнің жеңісі екі есе қуаныш сыйлайды».