Андрей Жистовский - музыкант

Қорқынышты диагноз –балалар церебральды сал ауруы.Біреулер үшін бұл үкім ретінде естілер, бірақ Андрей үшін емес. Ол бала жастан бұл аурудың босаңсуға сылтау емес екенін түсінді. Содан бері оның басты ұраны: «Қозғалыс - бұл өмір».

Андрей ешқашан өз ауруына жаза ретінде қараған жоқ, керісінше - бұл жеке тұлға, бұл қолы төмен түсірмеуге және алға жылжуға жігер береді. Әрине қиындықтар болды. Андрей гитара үйренгісі келгенде, оны музыка мектебіне қабылдағылары келмеді. Бірақ туысқандары табандап тұрып алды және бұл еш кетпеді. Гитара класын үздік бітіріп шықты. Андрей бала кезінен қиындықтан қашқан жоқ. Сабақты үйде оқуы керек болған, бірақ ол 11 жыл бойы мектепке барды. Кейін университетке журналистика фпкультетіне оқуға түстіс және үздік диплом алды. Науқасы  мектеп өмірінің барлық кереметтеріне, кейінірек өздігінен басқа қалаға көшуіне және жоғары білім алуынакедергі бола алмады.Андрейдің студенттік өмірі мазмұнды болды. Ол өзінің гитараға деген қызығушылығын ұмытқан жоқ. Оның үстіне, ол өзінің рок-тобын құрды және көптеген керемет әндер орындадығ оның көпшілігін Андрей жазды. Команда көптеген концерттерге қатысты, фестивальдерге қатысты. Бұның бәрі көшбасшыларының арқасы еді. Облыстық драма театрының директоры Олег Маципулоның жетекшілігімен театр студиясында сабаққа қатысуға да уақыт тапты. Қандай да бір іс-шара болмасын, мейлі ол әдеби кеш, флешмоб, саяси акция немесе достық отырыстар – барлығы Андрейдің сонда табылатынын білетін. Оның энергиясы қалғандарын кұш береді. Андрейдің айналасында әрдайым достары көп. Олардың ешқайсы да Андрейді мүмкіндігі шектеулі деп айтпайды. Ол әрдайым идеяларға бай және үнемі болашаққа жоспар құрып жүреді. Ол өз өмірінің әрбір минутын бағалайды, жаңа шыңдарды бағындырады. Андрей табиғат аясына серуенге шыққанды әрдайым қолдайды. Таудың шыңына шығып, басқалардың тауға шыққанын қадағалайды.