Антон Чашин – кәсіпкер

Антон Чашин - "ЛандшафтДизайнПавлодар" ЖШС директоры

Тұлға ретінде қалыптасудағы жолымды мен 2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетіне география бакалавры мамандығына оқуға түскенде бастадым. Ол жылдары ата-анамнан тәуелсіз болу үшін түнгі күзетші болып жұмысқа тұрып, көрінген жерден нәпақа тауып жүрдім. Бірақ мен ЖОО-ға не үшін түскенімді ешқашан ұмытқан емеспін, менің мақсатым көбірек білім алу еді, себебі сол кезде-ақ маған «білімді болған сайын, бағаң да арта түседі» деген ақиқат мәлім еді. 2009 жылы ЖОО-ны бітірген соң мен «Қазгидромет» РҚМ Павлодар бөлімшесіне «техник-гидролог» лауазымына орналасып, мамандық бойынша жұмыс істедім. Жаңа нәрселерді қуана-қуана үйреніп алатындықтан бір жыл ішінде бөлім бастығы болдым.

2013 жылы мен құрылыс фирмасына директор орынбасары болып орналасып тәжірибе жинап, бір жылдан соң алғашқы ЖК аштым. 2014 жылы ландшафт дизайны мен абаттандыру қызметтерін ұсынатын «А.С.» ЖК арқылы кәсіпкер ретінде қайта тудым. Сол жылы менің жетістіктерім облыста да (2014 жылы Павлодарда «Сәтті бастау» номинациясының жеңімпазы), республикада да (2014 жылы Қазақстанның «Жастар арасындағы үздік кәсіпкері», «Жыл секірісі») бағаланды. Бірте-бірте дамып, өзіме бизнестің жаңа салаларын ашып және облыс басшылығының мойындауына ие болып 2015 жылы "ЛандшафтДизайнПавлодар" ЖШС аштым. Ол да мен секілді үнемі дамып отырады. Біз тек абаттандыру мен көркейту қызметтерін орындап қана қоймаймыз, осы жұмыстарды өзіміз даярлаған материалдардан жасаймыз. Қазір біз абаттандырудағы кластер жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Жеке көшеттігіміз, көрме залымыз болады, бақша жиһазын, тас төсеуіштер өндіреміз. Жеткен жетістігімде тоқтап қалмайтыныма сенімдімін. Себебі менің жоспарым адамдардың өмірін қолайлы ету және экологияның қамын ойлау. Менің жетістігіме көптеген адамдардың қатысы бар. Алайда отбасымның, әйелім мен бауырымның қолдауынсыз оған жетпес едім, бұл да менің бір қырым. Мен алғашқы гидрология мамандығымды да тастағам жоқ. Міне, 9 жыл болды, еліміздің ең ірі өзені Ертісті бақылап жүрмін. Менің жұмысымның мәні - елді мекендерді су басуын болдырмау және өзен алқабының экожүйесінің қамын ойлау. Бұл жұмыс маған моральдық ләззат сыйлайды, себебі ол арқылы мен өзімді қоғамға пайдалы сезінемін.