Артем Нюдильчиев – жаңашыл кәсіпкер

Артем Нюдильчиев - Вавиот Азия компаниясының негізін қалаушы. DIGITAL CLUB ASTANA резиденті. 2016 жылдан бері Артем қызметін Қазақстан Республикасын цифровизациялауға арнап жүр. Оның компаниясы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жаңа технологиялар енгізіп жүр. Олар уақыт үнемдеп, өмірді қолайлы етуге септігін тигізеді. Оның компаниясының басымдығы – Қазақстан бойынша IОT-желілер енгізу және көрсеткіштерді сервис орталықтарға қашықтықтан автоматты түрде жіберетін коммуналдық қызметтердің smart-санағыштарын енгізу. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды және бақылаушылардың жұмысын жеңілдетеді, сервис орталықтардың операциялық шығындарынан үнемдеуге мүмкіндік береді. ТКШ саласына бөлек мұндай технологиялар ауыл шаруашылығына, көлік саласына енгізілуде.

Сондай-ақ Артем 2018 жылы Астанадағы «Ақылды аудан» жобасына инвестор болды, онда қашықтықтан мәлімет жіберетін технологиясы бар smart санағыштар орнатылды. Осылайша сынақ аймағы ретінде таңдалған «Жастар» шағын ауданының тұрғындары бақылаушылар арқылы көрсеткіштер беру процесіне қатыспайды, ал бақылаушыларға ай сайын көрсеткіш жинаудың қажеттілігі жоқ. Барлығы автоматты түрде жүреді. Бұл технология толыққанды қызмет етуі үшін Қазақстанға IОT-желі қажет, ол Вавиот Азия компаниясының күшімен 8 аймақта құрылған. Бұл технологиялар Қазақстанда Smart City

дамуына  серпіліс береді. 2019 жылы Вавиот Азия компаниясы Smart санағыш шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, ол ІOT желілерін өрістету жұмыстары басталған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия нарығын қамтамасыз етеді. Артем Қазақстанның әрбір азаматының жайлы өмірі үшін инновациялар енгізуді өзінің басты міндеті деп санайды.