Асан Жолдасов -"Пифагор" қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы

Алматы қаласында туған. Асан мектеп партасынан бастап олимпиадалық математика негіздерін үйреніп, бұл салада оқушы кезінде-ақ елеулі жетістіктерге жеткен. 2006 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітірген соң, жас математик ҚБТУ ақпараттық технологиялар факультетіне оқуға түседі. Сонымен бірге, ешқандай инвесторсыз «Пифагор» қосымша білім беру мектебін ашады (мектеп туралы ақпарат төменде), соның арқасында Алматы мен Астанада білім беруді белсенді дамытады. Бұдан бөлек, Асан Жолдасоы университеттегі оқуын бітіріп, бакалавр және магистр дәрежесін алады. Кейін өзінің альма-матері қабырғасында копмпьютерлік инженерия кафедрасында дәріс оқиды. Білім беруден бөлек, Асан "Ferum Logic" стартапын құруға қатысып, өзі Аналар үйін салған. Қазір Асан Жолдасов өмірін білім берумен байланыстыруды шешкен көптеген жастарға табысты болудың үлгісі болып табылады.

Төменде жетістіктер тізімі берілген:

Жәутіков халықаралық олимпиадасының 2005, 2006 жж.; Балқан математика олимпиадасының, Никосия, Кипр, 2006 ж. және Яссы, Румыния 2005 ж.; Халықаралық физика-математика мектептері арасындағы олимпиадасының, Ереван, Армения, 2005 ж. – алтын, екі күміс, екі қола медальдарының, халықаралық математика олимпиада грамотасының иегері, Мерида, Мексика, 2005 ж.; 16 Халықаралық қалалар турнирі конференциямының қатысушысы , Мир, Беларусь, 2004 ж.; Weizzman атындағы Халықаралық жазғы ғылыми конференция қатысушысы Израиль, Иерусалим, 2006 ж.; “Close up” халықаралық конференциясының қатысушысы, АҚШ, Нью-Йорк, 2006 ж.; Microsoft ImagineCup 2009 жеңімпазы, Каир, Египет, 2009 ж.; ACM ICPC программалау чемпионатының жартылай финалының қатысушысы, Орта Азия аймағы, 2007 ж. ACM ICPC программалау чемпионатының жартылай финалының жеңімпазы, Орта Азия аймағы, 2007 ж.

Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі, Магистратура, 2011 ж.

Қазақ-Британ техникалық университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің түлегі, 2010 ж.

Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінің түлегі, 2006 ж.

Қазақ-Британ техникалық университетінің Компьютерлік Инженерия кафедрасының дәріскері.

Олимпиада өткізу тәжірибесі:

О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ математикалық олимпиадаларына дайындық бойынша факультативтік курс мұғалімі, 2006-2008 жж.

Республикалық және облыстық математика олимпиадаларының қазы мүшесі, 2007-2008 жж.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қазы мүшесі, 2006-009 жж.

Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының қазі мүшесі, 2007-2009 жж.

Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасыныі қазы мүшесі 2007-2009 жж.

ВМО Балқан олимпиадасында Қазақстан құрамасының жетекшісі, 2008, Македония.

«Кенгуру» жазғы математика лагерінде Қазақстан құрамасының жетекшісі, Франция, Париж.

«Пифагор» компаниялар тобының бас директоры, бұл қоғамның болашақ зияткер буыны болатын өскелең ұрпақты оқытумен айналысатын мектеп. «Пифагор» мектебі Қазақстанның білім нарығында 2008 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. 10 жыл ішінде 10000-нан аса бала оқытқан, олардың 1000-ы республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы. Мектептің Қазақстанның 3 қаласында 7 офисі бар.Қазір мекьепье 136 адам жұмыс істейді және жұмыс орнының саны жылдан жылға көбейіп келеді.