Әсел Сүлейменова – Астана қ. «UMC»  КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының ІІ санатты онколог-гематолог балалар дәрігері

Кішкентай емделушілеріне ақ пейілмен және бауырмалдықпен қарайды. 2012 жылы Астана медицина университетін бітіріп, сол жылы  педиатрия бойынша «АБҰҒО» АҚ резидентурасына түскен. 2014 жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының Астана бөлімшесінде» балалар онколог-гематологының бірінші мамандандырылуын өтті. Жұмыс істеген уақытында бірнеше рет «Балалық және жасөспірім жастағы нейроонкология», «Балалық жастағы онкологиялық және онкогематологиялық емделушілерді қарқынды емдеу», «Қазіргі жағдайда гематология мен трансфузиологияны жетілдіру» бағдарламалары бойынша шеберлік сыныптарына қатысқан (Ташкент қ., Өзбекстан, 2015 ж.). VI Қазақстаннның онкологтар және радиологтар съезінде «Нейробластомы – результаты лечения с применением высокодозной ПХТ с АутоТГСК» тақырыбына баяндама жасады (Алматы қ., 2017 ж.),«Высокодозная химиотерапия с аутотрансплантацией стволовых клеток путем сбора гемопоэтических стволовых клеток периферической крови при солидных опухолях» тақырыбы бойынша оқудан өткен (Мәскеу қ., Ресей, 2017 ж.)

Медицина қызметкері күніне – кәсіби мереке құрметіне және «UMC» корпоративтік қоры жұмысын дамытуға қосқан үлесі мен жоғары кәсібилік пен жетістіктері үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2016 ж.). Оның тізімінде онкопатология секілді қорқынышты ауруды жеңген емделушілер аз емес.