Әсемгүл Уразаева – USC Travel компаниясының негізін қалаушы

Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол Атырау қаласының қоғамдық өміріне белсене араласады, қайырымдылықпен айналысады және қаланың әлеуметтік жобаларын жүзеге асырушы ретінде танымал. Оның компаниясы мұнай компанияларына құрал-жабдықтар, арнайы жұмыс киімдерін жеткізу жұмыстарымен, инертті материалдарды тасымалдауға арналған көліктермен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар бизнесінің тағы бір бағытын туристік корпоративтік қызмет көрсетумен, компанияларға арналған саяхатты рәсімдеу (көрмелер мен семинарлар), БАӘ-да Халықаралық Балалар шығармашылық фестивалін өткізуге арналған жобаны рәсімдеу, БАӘ, Канада және Ұлыбритания оқытушыларының қатысуымен жаздық балалар лагерін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын, сонымен бірге шетел азаматтарын қолдау жұмыстарымен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздарын рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеу жұмыстарымен айналысатын  USC TRAVEL туристік компаниясы жұмыс істеп жатыр.

Әсемгүл Әлікқызы 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылы Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшесі болып, кеңес берумен айналысатын "Жетістіктер академиясы" жобасын жасады, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың қатысуымен жеке тұлғаның дамуы және отбасылық қарым-қатынас тренингтерін өткізді. 2016 жылы әйел құқығын қорғау және қолдау жұмыстары мен мүгедек балаларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілетін халықаралық орта Азия әйелдер қауымдастығының Президенті қызметіне тағайындалды. Атырау облысының экологиялық мәселелері бойынша бағдарламалар іске асырылды және прокуратурамен бірлесе отырып мүгедектер мен балалар арбасының қозғалысының қолайлы болуы үшін жол жиектері мен пандустарды қайта жабдықтау үшін  арнайы жұмыс тобы құрылды. 2017 жылы «Smart Delivery LTD» ЖШС-нің ортақ құрылтайшысы болды.