Асхат Жұмабеков – «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының «Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» бөлімшесінің физика сарапшы мұғалімі

Асхат Советханұлы Семей ядролық полигоны жабылуының 20 жылдығы қарсаңында «Жер бетінде ядросыз әлем құрғаны үшін» Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің төс бегісіне ие болған. А.С. Жұмабеков – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог - 2018» атағының иегері. Бұл оның ең жарқын жетістіктерінің бірі және елімізде жас педагог еңбегінің бағалануы болып табылады.  1989 жылы 5 шілдеде Семей қаласында көп балалы отбасыда дүниеге келген. 2013 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 050110 «Физика» мамандығы бойынша бакалавриатын үздік дипломмен бітірген, ал 2014 жылы Қазақстан-Америка еркін университетінің магистратурасын 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Асхат Советханұлы – шығармашылықпен жұмыс істейтін, үнемі кәсіби өсуге ұмтылатын, білім беруде жаңа технологиялар қолданатын, педагогикалық практикасын жетілдіретін және инновациялық жобаларға белсенді қатысып жүрген мұғалім. Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша 2016 жылғы түлегі (Финляндия). 2012 және 2013 жылдарда «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының» республикалық студенттік шәкіртақыларға іздену байқауының екі дүркін лауреаты болған. 2017 жылдан бері Асхат Советханұлы Назарбаев университетінің ғалымдарымен бірге ғылыми жұмыс және Қазақстан Республикасының жас ғалымдарын қолдау жөніндегі “Scinet” менторларының бірі болып табылады (Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының қолдауымен).

Асхат Советханұлы – талантты, бастамашыл мұғалім, ол үшін зерттеу қабілетін дамыту басты мақсат болып табылады және бүкіл педагогикалық қызметінің мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтайды. Оның сабақтары оқушылар әрдайым өздеріне жаңа және қызық жаңалықтар ашатындай, зерттейтіндей, ойланатындай, гипотезалар тексеріп, практика жасап, талдай алатындай және қорытынды жасайтындай, өз жұмысын бағалай алатындай етіп жоспарланып өткізіледі. Бұл ретте Асхат Советханұлына кішіпейілділік пен әр оқушы тұлғасын құрметтеу тән, ол оқушылар арасында, оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастықтың шығармашылық атмосферасын жасауға көңіл бөледі, бұл оқушылардың бойында тәуелсіз ойлау стилін қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ол дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасайды, оқыту мен үйретуде жоғары көрсеткішті нәтижелерге қол жеткізеді. Оның оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысады: XXIV халықаралық «Туймаада» олимпиадасы; XI және XII халықаралық Жәутіков олимпиадасы; «Дарын» республикалық олимпиадасы; «Космостық құрал жасау» Томск халықаралық жас ғалымдар байқауы; “OSKEMEN EXPO 2015” халықаралық көрмесі шеңберінде «Жасыл технологиялар» байқауы. Асхат Советханұлының шәкірттері Назарбаев университеті, Гонконг политехникалық университеті, Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті, Ресей мемлекеттік университеттері гранттарының иегерлері болып табылады. Финляндияда тағылымдадан өтіп жүрген кезде жалпы және Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді зерттеу бойынша жұмыс істеп бастаған. Ол үшін бұл жай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ғана емес, «ерекше балалардың» қоғамға енуіне көмектесу болып табылады. Міне, үш жыл бойы Асхат Советханұлы Қазақстанда осы мәселемен айналысып, бұл жұмысқа шәкірттерін де жұмылдырып жүр. Ол Ресей және Финляндия сарапшыларымен тығыз байланысының арқасында аталмыш жобаны өз бетінше жүргізіп, оқыту семинарларын, коучингтер және шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде «Бук» Ресей баспаханасында, Германия ұлттық кітапханасының кітап палатасында  жарияланған «Подходы к инклюзивному образованию в России, Казахстане и Финляндии: сущность, опыт, перспективы» ұжымдық монографиясын (авторластары: ресейлік әріптестері: Афанасьева Р.А., Гладун Л.А., Кучергина О.В., Шелкунова О.В.) айтуға болады. А.С. Жұмабеков жетекшілігі мен шығармашылық ынтымақтастығы үшін Ресей Федерациясының Иркутск облысының білім министрлігінен алғыс хат алған. Ол жақын арада еліміздің барлық аймақтарының мүгедек балаларының академиялық және тұрмыстық дағдыларын дамытудағы оң динамиканы күн сайын бақылап отыру үшін мұғалімдер мен ата-аналарды оқыту және оларға тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі сәтте Қазақстанның Алматы облысының мұғалімдерімен байланыс орнатылып, олар оны күтіп отыр. Асхат Советханұлы Финляндиядағы оқуын аяқтаған соң да тоқтап қалған жоқ. Қазір Финляндияның білім және мәдениет министрлігінен мүмкіндік алған ол білім саласында PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқып жүр. А.С. Жұмабеков замануи мұғалім біздің балаларымыздың өсуі мен дамуы үшін білім мен көрегенділіктің «игілікті көзі» болуы керек деп санайды. Асхат Советханұлы полигон мәселесіне бей-жай қарамайды, біздің аймақты тартымдырақ қылуға тырысады. 2014 жылы Халықаралық «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысының  белсенді мүшесі болды. Ол Қазақстан ядролық қоғамы (ҚЯО), Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы және еліміздің Энергетика министрлігі өткізетін республикалық семинарлар мен дөңгелек үстелдерге баяндамашы ретінде белсене қатысады. А.С. Жұмабековтың мектеп оқушыларын жұмылдыра отырып, оларға полигон, энергетиканың қазіргі даму тенденциялары жайлы мәселенің маңыздылығын көрсетіп, сол арқылы олардың белсенділігін, аймаққа қатысты мәселелерге қызығушылығын және патриоттық рухын оятады. Асхат Советханұлы оқушыларға арналған “Discovery planet” зерттеу мектебін ашып, жетекшілік етіп жүр. Оның шеңберінде оқушылар сабақтан тыс уақытта өздерінің шағын зерттеулерін жүргізіп, оларды аймақ мәселесіне арналған түрлі байқау, семинар және форумдарда таныстыруға мүмкіндік алған. Бұл Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ғалымдары үшін ғана емес, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары үшін де тамаша бастама болды. Жұмыстың нәтижесі ретінде 2015 жылы «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың вице- президенті Сұлтан Омарұлы Қартоевпен авторлас «Ядросыз әлемдегі Қазақстан жолы» атты кітап Германияда (Саарбрюккен қ.) жарыққа шығып (ISBN 978-3-659-77351-8). Асхат Жұмабеков – 3 кітап және 40-тан астам импакт-факторлы журналдарда, материалдар жинағында, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Финляндия, Ұлыбритания және Украинаның газет-журналдарында жарияланға ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Ол ғылыммен ерінбей-жалықпай айналысады, түрлі республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, форумдарға, педогогикалық инновациялар жәрмеңкесіне қатысады, республикалық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ тәжірибесін таратады, қалалық, ауылдық және магниттік мектептермен коучинг және менторингті жүзеге асырады. Мектебінде әдістемелік бірлестіктің жетекшісі болып табылады. Осылайша өзінің педагогтық тәжірибесін өзге ұстаздарға беруге және таратуға тырысады. Асхат Советханұлы  көшбасшылық қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілетін танытып жүр. 2017 жылдан бері физика мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып табылады. Әріптестері оның әдістемелік бірлестік пен мектепті дамытуға қосқан үлесін ерекше атап айтады. Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің үйлестірушісі болып табылады. А.С. Жұмабеков «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ-ның 20 бөлімшесі арасында «Үздік жыл мұғалімі - 2018» болып, І орынға ие болған.