Азамат Жәшкеев - қан тамыры хирургы

Азамат Жашкеев – Қарағанды облысының жетекші эндаваскулярлық хирургі. Еңбек қызметін тағылымгерліктен – ҚММА госпитальдық хирургия кафедрасының зерттеушісінен бастаған. 1999 ж. «Облыстық клиникалық аурухана» ҚМКМ-де микрохирург дәрігер болып жұмыс істеген. 2005 ж. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС медицина орталығының қан тамыры микрохирург дәрігері болып жұмыс істеген; 2006 ж. «Облыстық кардиология орталығы» ҚМКМ «Қан тамыры хирургиясы» бөліміне қан тамыры хирургі ретінде қабылданған. Сол жылы Ресейде Новосибирск қаласында рентген-эндоваскулярлық хирургия бойынша тағылымда өткен. 2009 ж. бері қан тамыры эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2006 ж. бері А.К. Жәшкеев шетелдік мамандармен бірге жүрек қан тамырлары мен қосымша қан тамырларына эндовоскулярлық әрекеттердің жаңа технологиясын енгізе бастады. Оның жұмыс тәжірибесі мен еңбексүйгіштігінің арқасында «Облыстық кардиология орталығы» ҚММ эндоваскулярлық хирургиядан Қазақстан Республикасында көш бастап тұр. Бірнеше рет Қазақстан Республикасының емдеу ұйымдарына эндоваскулярлық хирургия бойынша шеберлік сыныптарын өткізуге барған. Біздің орталықта ол 10 эндоваскулярлық хирург оқытқан. Жыл сайын Ресей, АҚШ, Польша, Дания, Германия сияқты елдерде біліктілігін арттырады. Оның басшылығымен жыл сайын жүрек және қосымша қан тамырларға 3 мыңнан аса эндоваскулярлық ота жасалады. Рентген эндоваскулярлық ота бөлмесі оның жетекшілігімен тәулік бойы жұмыс істейді. Жыл сайын Қарағанды облысының тұрғындарына шұғыл түрде асқынған миокард инфарктінде  1000-нан аса стенттеу, 2500-ден аса коронография жасалады. Азамат Жәшкеев «Облыстық Кардиорхирургия орталығында» жұмыс істей жүріп, өзін сауатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, өз ісін білетін білімді және жоғары білікті маман ретінде танытты.