Азат Сембаев – қоғам қайраткері

Азат Сембаев қазіргі таңда МВА (іскерлік басшылық магистрі) бағдарламасы бойынша Берклидегі Калифорния университетінде білім алуда. Төменгі курс студенттеріне Бизнес негіздерін оқытады, Кремний алқабы стартаптарын консультациялайды және қоғамдық қызметпен белсенді айналысады. «KPMG» және «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компанияларды жұмыс жасады. 2018 жылғы жазда Сан-Францискода марафонға қатысуы шеңберінде қаржы жинап, Семей қаласындағы орта білім мектебі негізінде ерекше мұқтаж балаларға инклюзивті сынып ашты.

«Менің ойымша, білім алу, формалды немесе формалды емес болса да табысты және жемісті қоғамның бөлінбес бөлшегі, - деп санайды Азат – Алайда әзірге барлығы оны алмауда. Менің мақсатым – сапалы білімді барлығына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді ету».

Азат 1990 жылғы Семей қаласында туылған. Шотландиядағы Сэнт-Эндрюс Университетінде бизнес-курсты бітіріп, үздік студент атағына ие болды. Экономика саласындағы Ұлыбританиядағы жетекші университеттердің бірі – Уорвик университетіне сәтті оқуға түсуі «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты болуға мүмкіндік берді. Англияда білім алуы барысында қоғамдық жұмыспен белсенді айналысып, Университеттің Қазақстандық Қоғамның Президенті болды. Қоғамның мақсаты қазақстандық студенттерді біріктіру және қолдау, Қазақстан Республикасының мәдениеті мен имиджін ілгерілету болды. Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша университет конференциясы шеңберінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы – жазушы Олжас Сүлейменовпен кездесу ұйымдастырылды.

Еңбек қызметін Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығында» бастады. Кейін «KPMG» компаниясында консультант лауазымына тағайындалды. 2015 жылдан бастап жаһандық нарықта көш бастап келе жатқан «МсKinsey&Company» консалтингтік компаниясында мансабын жалғастырды. Мұнай-газ және тау-кен өндірісі, бөлшек сауда және білім беру саласындағы жетекші компаниялармен Қазақстанда, сондай-ақ шет елде – Англия, Австралия, Таяу Шығыс және ТМД елдерінде жұмыс жасады.  

Берклидегі Калифорния Университетіндегі МВА (іскерлік басқару магистрі) бағдарламасы бойынша оқудан басқа, төмендегі курс студенттеріне «Бизнес Негіздері» тұралы сабақ жүргізеді. Инновациялық технологиялармен әуестенеді, «Lyft» компаниясы және «Googlе» компаниясының «YouTube» бөлімі үшін жобалармен жұмыс жасады, технологиялық кейс жарыстарға қатысып, жүлдегер атанды. Тағылымдамадан өту шеңберінде «PayPal» компаниясында жоба менеджері болып, Ebay, Amazon және Facebook секілді үлкен клиенттік ұйымдармен жұмысты оңтайландырумен айналысып, әріптестік компаниялар үшін өнімдік линияларының ұзақмерзімді стратегиясын жасады. Кремний алқабының стартаптарына,  білім беру саласындағы бейкоммерциялық ұйымдарға кеңестер беріп, қайырымдылқпен айналысады.

Азат өмірінің бөлінбес бөлшегі спорт болып табылады. Алматы, Астана, Сан-Францискода толық марафондық қашықтықты жүгіріп өтті. Жүгіруден басқа триатлонмен айналысады, жақын арада Ironman қашықтығын бағындыруды жоспарлауда. Соңғы уақытта альпинизммен әуестеніп, «Жеті Шыңға» - әр құрлықтың ең биік тауларына шығуды армандауда, әзірге жетіден екі шың бағындырылды.

2018 жылғы жазда Сан-Францискодағы марафонға қатысу шеңберінде аутистік спектр зақымы бар балаларға көмек көрсету үшін Семей қаласындағы «Ерекше әлем» қоғамдық қоры және «Жарқын болашақ» коррекциялық орталығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қазір орталықта 35 балаға және ата-аналарына көмек көрсетуде.

Жиналған қаржы арқасында 2018 жылғы 8 тамызда Семей қаласында орта білім мектебі негізінде ерекше мұқтаж балаларға инклюзивті сынып ашылып, тиісті жабдықталды. Бұл «Жарқын болашақ» коррекциялық орталық балаларына осы жылы басқа балалармен бірге мектепте білім алуға мүмкіндік берді.