Азиз Жұмаев – спортшы

Азиз Жұмаев белсенді спортшы. «Қазақ күресі» ұлттық күресінің дамуына үлес қосқан ол «Алау» әскери-патриоттық ойынының және аудан мен ауылдағы туризмнің белсенді дамуына ықпал етті.

1990 жылы 23 тамызда Қостанай облысы, Федоров ауданында дүниеге келген. 2015 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда ол Чандак арнайы мектебінде дене шынықтыру мұғалімі.

Азиз Жұмаев еңбек жолын 2010 жылы күзетші болып бастайды. 2011-2012 жылдар аралығында Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет етеді. 2012 жылдан 2016 жылға дейін бастауыш әскери дайындық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Азиз дзю-до күресінен аудандық, облыстық спартакиадаларға қатысып жүлделі орындар иемденген. Нәтижесінде аудан және облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Азиз шәкірттерін отансүйгіштікке, жігерлі болуға, үнемі спортпен айналысып биіктен көрінуге баулиды. Оның басты мақсаты еліміздің спорт саласын дамытып, болашақ чемпиондарды дайындау.