Бек-Әли Ержан – қауымдастырылған профессор, ондаған ғылыми мақала мен кітаптар авторы, Қазақстандағы джиу джитсу мен грепплинг пионері, Чекмат Қазақстан құрамасының негізін қалаушы, педагог, полиглот (9 тіл), Колумбия университеті мен Джавахарлал Неру университетінің түлегі.

Бек-Әли Ержан алғашқы мамандырылған университет болып табылатын Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) құрылған күннен бастап сонда жұмыс істейді. Ол университет аты құрылған іргетастардың бірі. Қазір университет аяғына нық тұрды және еліміздегі ақпараттық технология мамандарын дайындау бойынша алдыңғы қатарлы ЖОО ретінде танылды.

Ол білім беру процесінде бірегей амалдар қолданады. Ол бойында солтүстік Америка, Азия және Қазақстанның жоғары білім беру мектептерінің дәстүрлері мен инновацияларын оңтайлы үйлестіреді. Бұл симбиоз Бек-Әлидің 10 жыл әлемнің үздік университетінен білім алған академиялық тәжірибесінің өнімі. Оның дәрістері мен семинарлары ХАТУ және басқа жерлерде өте танымал. Ол  шет елдерде жоғары білім беру орындарының студенттері мен орта мектеп оқушыларына білім саласында шеберлік сыныптары мен кеңестер өткізеді. Жүздеген алдыңғы қатарлы ІТ сала және электронды журналистика мамандары оның сабақтарымен өсіп, еліміздің технологиялық және цифрлық дамуына үлес қосып жүр. Бек-Әли сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Үнемі қазақстандық және халықаралық конференцияларға қатысады. Ол Қазақстандағы жоғары білім беру, Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның аймақтық саясаты, Қазақстанның сыртқы саясаты және жаңғыру туралы мақалалардың авторы. “Трансформация региональных динамик в Центральной и Южной Азии” монографиясын шығарды. Бек-Әли штаб-пәтері Рим қ. (Италия) орналасқан Дін және қауіпсіздің Кеңесінің ғылыми қызметкері болып табылады. Кеңеске Азия, Еуропа, Африка және Американың жетекші мамандары жиылған, олар халықаралық қауымдастықта қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту жолында дін мәселелерімен айналысады. 9 тілде сөйлейтін полиглот.

Бек-Әли Ержан Қазақстандағы джиу джитсу мен грепплинг пионері. Жұмысбастылығына қарамастан ол белсенді түрде өз бетімен жаттығуды жалғастырып, халықаралық жарыстарға қатысып жүр.  Ол джиу джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері болған алғашқы қазақстандықтардың бірі.  Сондай-ақ ол халықаралық турнирде қара белбеулер арасында алтын медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстандық. Бек-Әли “Чекмат Қазақстан”  джиу джитсу және грепплинг құрамасының негізін қалады, онда мектеп оқушылары, студенттерден бастап түрлі мамандық пен бэкраунды бар 6-65 жас аралығындағы адамдар жаттығып, денсаулығын нығайтуда. Жаттықтырушы болып істеген уақытында ол әлем, Азия, Еуропа, Азия ойындары және Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеп шығарды, олар Қазақстан спорты мен джиу джитсу даңқын шығарып жүр және олардың құрметіне әлемнің түкпір-түкпірінде еліміздің байрағы көтеріліп, әнұраны шарықтайды. Ол орта мектептің оқу бағдарламасы аясында джиу джитсу сабағын енгізген тұңғыш адам. Мұндай сабақтар жастарымыз бен өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштікті дарытады, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Бұл әлеуметтік жоба Чекмат Қазақстан құрамасы мен Еуразия лицейі арасындағы ынтамақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр.