Белла Сатмырза – Миландағы Еуропа дизайн институтының бакалавры, жеке кәсіпкер, жастар мәслихатының депутаты, “SaBelle” Сән үйінің киім дизайнері, филантроп (мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көрсету)

Ол алғашқы көйлегінің суретін 3 жасында әкесінің шахмат тақтасының артына салған, содан кейін әке-шешесі ұрыспасын деп шедеврлерін құпия түрде қабырға кілемінің астына сала бастаған. Шығармашылық әлеуеті  Istituto Europeo di Design (IED)(Милан, Италия) мектебінде fashion-дизайнерге оқу процесінде баға жетпес тәжірибе жинады. Табысқа жету үшін, әрине, тынбай жұмыс істеп, шыдамды әрі табанды болу керек. Кәсіби қызметінде ол көптеген көрсетілімдер, байқаулар және ынталантыру тренингтерінің ұйымдастырушысы болған. Миландағы Еуропа сән институтын бітірген соң, Белла Сатмырза «Екі жұлдыз», "Ду кол, шоколад", "Кыздар арасында" рейтингілі жобаларында және "Вузеры" сериалында имиджмейкер болып жұмыс істеп, көптеген отандық шоу-бизнес өкілдерінің имиджін жасаған.

Соңғы бірнеше жылда онға жуық шара болды. Олардың ішінде: Қазақстандағы Биік сән апталығы, 2011 жыл; «World Fashion Chanel» -ге арналған көрсетілім, Мәскеу қ. , 2012; «Patronage»  әскери коллекция көрсетілімі, Астана қ., 2017 ж.; «Little Miss Universe» халықаралық байқауында балалар коллекциясының көрсетілімі, АҚШ, Флорида, 2012 ж.; Ұлттық «Еркемай» коллекциясының көрсетілімі, Астана қ., 2016 ж.; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Spina Bifida" балалар коллекциясының көрсетілімі, Астана қ., 2018 ж. 2012 жылы ол Pierre Cardin халықаралық байқауының жеңімпазы болған, Франция. Белла Сатмырзаның көйлегі қазір Парижде Пьер Карден мұражайында тұр. Дизайнердің кәсіби еңбегі мен талантын Роза Рымбаев байқап, міне, енді  3 жыл бойы Белла Сатмырза примадоннаның жеке дизайнері болып, Роза Қуанышқызының сахналық киімдерін тігеді.

Кәсіби және білім қызметінен басқа Белла он жыл бойы қоғамдық және әлеуметтік жұмыспен белсенді айналысып келеді. Көкшетау, Павлодар, Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында және Астана қ. балалар үйінде өткен жастарға арналған ынталандыру тренингтерінде спикер болған. 2016 жылы Белла Сат-Мырза Францияның бірінші ханымының жеке имиджмейкері және Елиссей сарайының бас кеңесшісі графиня Мари де Тиллимен бірлескен сәнді семинар ұйымдастырып, өзі спикер болған.

Дизайнердік телевизиядағы қызметі 2017 ж. «Қазақстан» телеарнасындағы жеке «Дизайнер таңдайды» айдарынан басталған. Журналдар мен интернет-ресурстарда 20-дан аса мақалалары жарияланған:«Винтаж», «Бизнес и власть», «Вечерняя Астана», «Караван», «Sultan Magazine», «Baq.kz». Ол жайлы «Жетінші арнада» «Еленген есім» деректі фильмі түсіріліп, онда Белла Сатмырза мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қайырымдылық қызметі туралы айтып берген. Сондай-ақ KUN.kz жобасында дизайнердің жұмысы туралы екінші деректі фильм түсіріліп, жастарға бизнес бойынша мотивациялы бағыт берілді.

 Тұлға болып қалыптасқан 10 жыл ішінде Белла Сат-Мырза шарықтау мен құлдыраудан, бизнес ашу мен банкроттықтан өткен. Оскар Уайлд айтпақшы, «Жығылғаннан кейін тұрып кете алған адам -мықты адам». Сондықтан өміріміздің миссиясы- кез-келген жағдайда адам болып қалып, саған мұқтаж адамға қолдау көрсету.