Біржан Қожақов  – "Ғибадат" ЖШС-ның директоры, «Мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби демеу» әлеуметтік жобасының авторы

«Уақыт өзін зая кетіргенді ұнатпайды» - бұл оның өмірлік ұстанымы. Ол өзінің еңбек қызметін суретшіліктен бастады, содан соң сегіз жыл жол полициясы инспекторы болып жұмыс істеді. 2002 жылы қызметтік міндеттерін орындау барысында екі аяғынан айрылып, мүгедек болып қалды.

Берік мінез бен үлкен жігер иесі бола отырып, Біржан Қожақов жиһаз шығаратын «Ғибадат» кәсіпорнын құрып, жаңа іспен айналысуға күш-қуат тапты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жұмыс орындарын ашты. 2015 жылы ол «Демеу» мүгедектерді қорғау қоғамының негізін қалады, ондағы мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолайлы жұмыс орнымен қамтамасыз ету және жаңа мамандықтарға оқыту арқылы өмірдің барлық салаларында тең жағдай жасау болатын. Бүгінде жұмыскерлердің штаттық саны 35 адамды құрайды, олардың 21-і мүмкіндігі шектеулілер.

2016 жылдан бері қоғамдық бірлестік ми сал ауруына шалдыққан (БЦП) балаларға арнап тіктеуіштер шығарады. Қазіргі кезде тіктеуіштің 34 түрі шығарылады. Қоғам мүгедек балалармен және БЦП мүгедектерімен жұмыс істейтін мекемелерге 183 тіктеуіш сыйлады.

2017 жылы Біржан Морякұлы «Шапағат» медалімен марапатталды.