Шынар Бүгімбаева – «Қағанат» қоғамдық тамақтану желісінің құрушысы және иесі

Жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы бөлімшесінің «Технология және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру» факультетін бітірген, Қазақстанның құрметті азаматы, Ernst & Young «Жыл кәсіпкері» (EY Entrepreneur Of The Year) халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің «Қызмет көрсету саласының көшбасшысы» атауындағы жеңімпазы. «Қағанат» асханалар желісі көп жылдар бойы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ішіндегі талассыз көшбасшы болды.

Қағанат 1996 жылы желі ретінде Төле би көшесіндегі «Тастақ базарының» кішкентай асханасынан басталған. Онда небәрі 3 адам жұмыс істеген. Жоба басталғанда барлық жұмысты Шынар Шаймарданқызы өзі істеген. Ол бұдан не тапты? Әр процестің қыр-сырын ішкі жағынан білді. Сондықтан компанияның барлық басқарушылары мансапта ең төменгі сатыдан бастаған және бұл компания нәтижесіне елеулі әсер етті. Бүгінде «Қағанат» асханалар желісі Қазақстан нарығында жұмыс істейді және Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерін ұсынады. Компанияның миссиясы – еліміздің кез-келген тұрғынына қолжетімді бағамен дұрыс үйлестірілген тамақтану мүмкіндігін ұсыну арқылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау және нығайту. Компания өнім өндіру барысында тек жергілікті өндірушілердің жоғары сапалы табиғи компоненттерін пайдаланады. «Қағанат» бренді тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс аймақтарға да танымал болды. Өндіріс мамандары тұрақты түрде шетелде тағылымдамалар мен үйретулерден өтеді.

Компания құрылған сәттен бастап Шынар басқарушы қызметкерлерді компания ішінде дамыту және өсіру стратегиясын таңдаған. Бұл стратегия әр қызметкерге басқарушы лауазымға дейін өсуге, осылайша өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. «Қағанаттың» жетістікке бірінші кезекте мықты командасының арқасында жеткен – компанияда орташа жұмыс істеу өтілі 10 жыл. Компанияның ішкі саясаты командалық жұмысты ынталандырып көтермелейді, жыл сайын асханалар арасында байқаулар басталады, ондағы басты критерийлер командалық жұмыс болып табылады. Үздік асханалар естелік сыйлықтармен (мысалы, Түркияға жолдама беріледі), дипломдармен және т.б. марапатталады.