Дәлел Жүзбаев - «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, кәсіпкер.

Компьютерлік технологиялар саласында Кентукки (АҚШ) университетін бітірген. Жас маман тұтынушылар үшін онлайн режимінде өз жүктерін бақылауға арналған сайт құрастырған. Өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білген Дәлел 2013 жылы ҚТЖ-ның "Ең үздік бағдарламашысы" атағын жеңіп алады. 2012 жылы бидай өсірумен айналысатын ірі фермерлік шаруашылықты бизнесті өз мойнына алады. Ол егін себуді, күзгі жиын-терім науқанын өзі  атқарады.

Дәлел Жүзбаев - ауыл шаруашылығы секторына күш-жігерін салып келе жатыр. Оның бастамасымен 3 жыл бойы көптеген жұмыстар мен инновациялар жасалды. Атап айтар болсақ, егістік алаң 20%-ға арттырылды; техниканың бірлік саны көбейді; техникалық қондырғыларда GPS чиптерін қолданатын жабдықтар мен отынды мониторингілеу және бақылау жүйесі енгізілді; ауқымды алқапқа мәдени дақылдар  отырғызылды.

2017 жылы Дәлел өзінің қызметін әр тараптандыру үшін қаз құсын өсіріп, сатумен айналысып келеді.

Жоспарда қой өсіру және жылқы шаруашылығын дамыту ісі де бар. Егер тәжірибе өз нәтижесін беріп жатса болашақта бордақылау алаңын құрмақшы. 2018 жылы қостанайлық астық өсіруші әріптесімен бірге ол тың бастамаларға арналған тегін әлеуметтік желі жасады. Ауыл шаруашылығы саласындағы екі кәсіпкер еліміздің танымал тұлғаларымен кездескен еді, соның арқасында бір айдың ішінде еліміздің барлық аймақтарынан инстаграмм парақшасына 8 мыңнан астам адам тіркеледі. Жобаның мәні: еліміздегі айтары бар азаматтарға онлайн-платформа беру арқылы қайырымдылыққа үгіттеу. Соның негізінде адамдар мақсаттарына жылдам қол жеткізе алады, мұқтаж жандарды қолдап қайырымдылық жасайды.

Нәтижесінде екі ай бойы 1000-нан астам идеялар айтылып, олардың ішіндегі барлық талаптарға жауап берген 10 адам марапатталады. Дәлелдің барлық әлеуметтік қызметі халықтың ой-өрісін өзгертуге бағытталған: ол өзін қоршаған ортада оптимистік көзқарасын белсенді түрде алға жылжытып келеді.

Дәлел Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде белсенді түрде өзінің идеяларын насихаттап жүр.