Садуахасов Дамир Канатұлы - Абай атыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті.

2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, профессор Ш.Қ.Әбіловтің класына, «Вокалды өнер» мамандығына түсті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презинденті қорының степендианты. 2014 жылы 4 курс студенті бола жүріп, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера труппасына стажер болып қабылданды.

Д. Садуахасов – жұмысқа қабілетті әнші, өз мамандығындағы биік шыңына жетуге ұмтылысы бар, алға қойған мақсаттарына жетуге жауапкершілікпен қарайды. Дамир қала және еліміз бойынша концерттік шараларға белсенді қатысады. Репертуарында батыс-еуропа, орыс және қазақ композиторларының шығармалары. Коучи: Марко Балдери (2014ж.), Владимир Чернов (2017ж.), Пласидо Доминго (2017ж.).