Данияр Молдахмет - FitnessBlitz компаниясының негізін қалаушы, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі  

FitnessBlitz фитнес-клубтар желісінің негізін қалағанға дейін Данияр қызық жолдан өткен: 2001 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін (қазір Нархоз) бітіріп, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болған. Монаш университетінің қолданбалы қаржы магистрі дәрежесін алған (Австралия).

11 жасынан үнемі ізденісте жүріп, 15 мамандық игерген, оның ішінде автокөлік жуушы, көкөніс сатушы, мейрамханада аспаз көмекшісі, Resmi компаниялар тобы АҚ сауда өкілі және Австралияда қызанақ плантацияларында диқаннан бастап «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратында басшылық лауазымдарда істеген. Бірнеше шет тілдерін, оның ішінде ағылшын, парсы, қытай тілдерін біледі, Тегерандағы (Иран) экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығында ағылшын-орыс синхронды аудармашы ретінде 2 жылдық жұмыс өтілі  бар.

2009 жылдан бері фитнесті кез-келген адамға қол жетімді қылу мақсатында жұмыс істеп келеді. Премиум-классты клубтар мен төмен сапалы қызмет көрсететін жаттығу залдары арасындағы үлкен айырмашылықты көрген ол жоғары сервис пен өз ісінің мамандарын заманауи жабдықпен әдемі үйлестіретін бағасы қолжетімді фитнес-клуб ашуға шешім қабылдады.  Бүгінде FitnessBlitz ыңғайлы фитнес-клубтар желісінің Алматыда 11, Астанада 2 және Шымкенте 1 клубы бар. Енді ТМД-ның ірі қалаларында да ашуды жоспарлап отыр.

Жаңа идеялар  негізгінен әдетте жеке қызығушылықтардан шығады. Даниярдың бұрыннан басты қызығушылығы түрлі жанрдағы кітаптар оқу болатын. Классикалық кітаптардан бөлек, соңғы он жылдықта эзотерика, бизнес-кітаптар және іскерлік әдебиетті құныға оқып жүр. Сондай-ақ өзінің көзі жеткен физикалық өзгерістер өмірдің барлық саласына өзгеріс енгізіп, тұлғаны кешенді түрде дамыту тән, жан және ақыл-ойды үйлесімді жетілдіруге әкелетіні туралы теорияның өмірінде маңызы зор. Бүгінге дейін FitnessBlitz миссиясының негізінде осы идея – қоғамдық сана деңгейін физикалық өзгеріс арқылы арттыру жатыр.