Данияр Тайменов – армрестлер

Данияр «Құлағы нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернаты» ҚМУ түлегі, Олимпиадалық резервтегі өңірлік спорт колледжін аяқтады, 2017 жылдың қараша айында Армрестлинг бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның атынан шықты (Польша, Руми қ.) Данияр армрестлингпен айналысуды мектеп-интернатта бастады және балалық әуестігі кәсібилікке ұласты. Данияр осы жетістігіне өзінің ерік-жігерінің, талпынысының, еңбек сүйгіштігі мен арманын жүзеге асыру жолындағы табандылығының арқасында жетті. Жетістікке жету жолында қаншама қиыншылық кездессе де ол ешқашан жасымай, табанды бола білді. Себебі ол спортқа бар жан-тәнімен берілген жан, оның алға қойған мақсаты – ештеңеге қарамастан Олимпиада шыңын бағындыру. Оның бала кезінен есту қабілетінен айырылғанына және мүгедек болып қалуына қарамастан оған өмір бақытты сәттердің дәмін сезінуге мүмкіндік берді, себебі кез келген жағдай ол үшін қаншалықты күрделі болса да, оған кедергі келтірмеді. Сәттілік, жолы болғыштық, жақындарының түсінуі мен махаббаты, Шығыс Қазақстан облысының облыстық әкімдігінің, әкім Даниал Кенжебайұлы Ахметовтың қолдауы, мұғалімдер мен жаттықтырушыларының сенімі және ең бастысы оның аянбай еңбек етуі – осының бәрі Даниярдың алған жетістіктеріне көп көмегін тигізді. 

Қазіргі уақытта Данияр – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында армрестлинг бойынша 3 дүркін Әлем чемпионы, Әлем кубогының 2 дүркін иегері және армрестлинг бойынша Азияның 4 дүркін чемпионы (2017, 2016, 2015, 2014 г.г.). Оған Халықаралық класты спорт шебері атағы берілді. Қазақстанның спорт және дене шынықтыруының дамуына қосқан үлесі үшін ол А.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мерейтойы» медалімен және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Бұл оның мүмкіндігіне шектеу қоймайды. Даниярдың алатын жеңістері әлі алда екендігіне сенеміз. Ол жаттығуын жалғастыруда, өзінің шеберлігін және кәсіпқойлығын жетілдіруде, 2018 жылдың қазан айында Армрестлинг бойынша Азия Чемпионатына (Түркияда) қатысуға дайындалып жатыр. Сондай-ақ Данияр БЖСМ армрестлинг бойынша жаттықтырушы боп жұмыс істейді және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу ісіне өзінің белгілі бір үлесін қосуда, өз тәжірибесімен бөлісуде. Осы салада жаңа бастап жүрген жаттықтырушының жетістігі бар. 2018 жылдың тамызында Ақтөбе қаласында жазғы сурдоолимпиадалық ойындар өтті, онда Данияр дайындаған команда жүлделі 1-орынға ие болды.  Данияр өзі сияқты тағдырлас, құлағы нашар еститін балалармен, №4 мектеп-интернатының оқушыларымен көп және жемісті жұмыс істейді. Осы мектеп-интернатының балалары Даниярға еліктеп, өздеріне үлгі етеді, оның жеткен жетістігін көре отырып, олар да алда алатын асулары көп екендігіне сенеді. Олардың ішінде қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегерлері бар. Олардың арманы – армрестлинг бойынша параолимпиадалық ойындардың чемпионы болу. Егер адам армандай білсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың да мүмкіндігі шектеусіз екендігін дәлелдей білді .