Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы, Азиада ойындарының чемпионы

Джиу-джитсудың неваза-систем бөлімі бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық. 2016 жылы Испанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылы Грекия елінде өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде де қолаға қол жеткізді. 2016 жылы Түркіменстан елінде өткен неваза-систем жүйесі бойынша алтыннан алқа тақты. Сол БАӘ-де жалауы желбіреген бразилиялық джиу-джитсудан әлемнің үздігі атанды. Неваза-систем бойынша Қазақстанның чемпионы, ол бірнеше рет еліміздің  үздік атанған. Kazakhstan Open-2012 халықаралық турнирінде қолаға қол жеткізсе, Astana open-2016 халықаралық сында күмісті қанағат тұтты. Колумбия елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. Осы жылы Ақтауда өткен Азия чеммпионатында қарсылас шақ келтірмеді, Джакартада жалауы желбіреген Азиада ойындарында Қазақстан құрамасына алтын медаль салды.

– Алда жоспарлар көп. Бразилиялық джиу—джитсу бойынша чемпион атанып, қара белбеуді алғым келеді. Сол сияқты АҚШ-қа аттанып, сол жақта жаттығу жұмыстарын жүргізу де алдағы жоспарда тұр. Онда жаттығуға көмектесетін тәжірибелі достарым жетерлік. Осы спорт түрінің шыңына шығып, Қазақстанның атын әлемге таныстыруды көздеймін, – дейді спортшы.